Алматы облысының Қонаев қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы Қонаев қалалық мәслихатының 2025 жылғы 30 шілдедегі № 49-163 шешімі

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1- тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қонаев қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жарату мен қайта өңдеуді есепке алмағанда) арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы С. Нұрқадыров

  2025 жылғы 30 шілдедегі № 49-163 шешіміне қосымша

Қонаев қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жарату мен қайта өңдеуді есепке алмағанда) арналған тарифтер

Атауы

Бағасы, теңгемен

1

Көпқабатты жайлы үй тұрғыны үшін

528 теңге

2

Жай үй (жайластырылмаған) тұрғыны үшін

539 теңге

3

Заңды тұлғаларға арналған тариф,
1 м³ (1 рет шығару)

3040 тенге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады