Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1- тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қонаев қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жарату мен қайта өңдеуді есепке алмағанда) арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы | С. Нұрқадыров |
2025 жылғы 30 шілдедегі № 49-163 шешіміне қосымша |
Қонаев қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жарату мен қайта өңдеуді есепке алмағанда) арналған тарифтер
№ | Атауы | Бағасы, теңгемен |
1 | Көпқабатты жайлы үй тұрғыны үшін | 528 теңге |
2 | Жай үй (жайластырылмаған) тұрғыны үшін | 539 теңге |
3 |
Заңды тұлғаларға арналған тариф, | 3040 тенге |