"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, тиісті аумақтық халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 15 тамыздағы қорытындысы негізінде, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өтенай ауылдық округі Өтенай ауылының құрамдас бөліктеріне келесі атаулар берілсін:
1) Өтенай ауылдық округі, Жастар 1/1 тұрғын үй алабы бойынша:
-№4 атауы жоқ жаңа көше – Тәңірберген Қалилаханов көшесі;
-№10 атауы жоқ жаңа көше – Айтбек Жалбағаев көшесі;
-№11 атауы жоқ жаңа көше – Қайыпбай Түстікбаев көшесі.
2) Өтенай ауылдық округі, Жастар 3 тұрғын үй алабы бойынша:
-№6 атауы жоқ жаңа көше – Иван Битюков көшесі;
-№7 атауы жоқ жаңа көше – Степан Бендиков көшесі;
-№9 атауы жоқ жаңа көше – Елубек Каримов көшесі;
-№13 атауы жоқ жаңа көше – Иван Малин көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Өтенай ауылдық округі әкімінің орынбасары М.Турабаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Өтенай ауылдық округінің әкімі | Р. Малтаев |
