Алматы облысында ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метріне төленетін төлемақының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 44-245 шешімі

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 26-бабының 2-тармағына және "Ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы облысында ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метріне төленетін төлемақы 107 (жүз жеті) теңге мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Қ. Байғоджаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады