Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 38, 42-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17, 123, 124, 125-баптарына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. "Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. "Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мен "Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің Ережелері осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
4. "Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) аумақтық уәкілетті органда қайта аталған мекемелерді мемлекеттік қайта тіркеуден өткізуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Н. Әбдірахымға жүктелсін.
Алматы облысының әкімі | М. Сұлтанғазиев |
Алматы облысы әкімдігінің | |
2025 жылғы "18" қыркүйектегі | |
№ 286 қаулысына 1-қосымша |
"Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Қонаев қаласы 2025 жыл
"Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Алматы облысының аумағында жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі, 16/4.
10. Осы Ереже басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер заңнамалық актілерді басқаруға кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Басқарманың негізгі міндеттері, құқықтары мен міндеттері
13. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын іске асыруды қамтамасыз ету;
3) жұмылдыру тапсырмаларының (тапсырыстарының) белгіленген мерзімдерде және көлемде орындалуын қамтамасыз ету, ұйым ішінде жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру және жүргізу, жұмылдыру ресурстарының есебін жүргізу, сондай-ақ ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасына сайкес соғыс уақыты жағдайында жұмысқа ауысуға дайын болуын қамтамасыз ету;
4) жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмылдыру іс-шараларын орындауға дайындық деңгейін арттыру.
14. Құқықтары мен міндеттері:
1) жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдардың жұмыскерлері мен ұйымдардың мамандарын белгіленген тәртіппен жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындауға, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша тартуға;
2) Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау үшін, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және жиындарға шақыру мақсатында ақпараттық деректер банктерін пайдалануға;
3) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
4) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
5) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс мақсаттары үшін, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша мемлекеттік, ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын белгіленген тәртіппен пайдалануға;
6) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі бойынша жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізуге;
7) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мақсатында өнім өндіруге, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге байланысты шарттар (келісім шарттар) шеңберінде тапсырыстарды орындауға қатысуға міндетті.
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік және Қазақстан Республикасының зандарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге;
9) Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету;
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
15. Функциялары:
1) аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келісу;
2) жергілікті жұмылдыру тапсырыстарын айқындау және орналастыру, сондай-ақ ұйымдардың жергілікті атқарушы органдардың шешімдерінде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын орындауын қамтамасыз ету;
3) жұмылдыру дайындығы, аумақтық, азаматтық қорғаныс саласындағы, сондай-ақ азаматтарды әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру бойынша уәкілетті органдарға қызметтің тиісті салаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
4) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу және азаматтарды әскери қызметке шақыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шақыру жүргізу кезеңінде тіркеу және шақыру комиссияларын қалыптастыру;
5) әскери міндеттілерді брондау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
6) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша қызметтік хат алмасулар жүргізу;
7) жеке және заңды тұлғаларды басқаруға жіберілген өтініштерді қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;
8) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының және оның орынбасарларының тапсырмалары мен актілерін орындау;
9) жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ әскери басқару органдары өкілдерінің қатысуымен жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
10) өз құзыреті шегінде аумақты жедел жабдықтау және әскери инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындауға қатысу;
11) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, қорғаныс және әскери қауіпсіздік, аумақтық және азаматтық қорғаныс саласында, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алуды ұйымдастыру және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
12) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс жөніндегі, сондай-ақ азаматтарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
13) жергілікті әскери басқару органдарына бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде олардың жұмысына жәрдемдесу;
14) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізуге қатысу, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында жұмылдыру даярлығы бойынша жаттығулар мен оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу;
15) аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекіткен саны мен құрылымы шегінде қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;
16) көлік құралдарымен, ақпараттың, телекоммуникацияның және байланыстың техникалық құралдарымен, жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз ету, оларды күтіп-ұстауды, қызмет көрсетуде және жөндеуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе таурларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылыту мен байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қоса алғанда, материалдық-техникалық құралдардың қорларын құру, аумақтық әскерлерді арнайы өрістетуді жүргізу кезінде соғыс уақытының штаттық қажеттілігі нормаларына сәйкес аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілеріме жиындар өткізу;
17) қосылқы (қалалық, қала сыртындағы) қосылқы және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;
18) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелердің, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстары бар және тиісті әкімшілік аумақтық бірліктердің аумағында шаруашылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, қорғаныс пен әскери қауіпсіздік, аумақтық және азаматтық қорғаныс, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу, оларды әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша үйлестіру;
19) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерді жұмылдыру дайындығы мақсатында жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған ұйымдармен шарттардың (келісімшарттардың) есебін және талдауын жүргізу;
20) жұмылдыру, әскери жағдай және соғыс уақыты Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы хабардар ету мен жеткізуді, сондай-ақ облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астананың) коммуналдық меншікте тұрған техниканы қорғаныс мұқтаждары үшін жинау пункттеріне, әскери бөлімдерге және арнайы мемлекеттік органдарға жеткізу мен тапсыруды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысу;
21) жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимыл тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде жұмысты ұйымдастыру;
22) Қазақстан Республикасының Қорғаныс жоспарын әзірлеуге қатысу;
23) құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілітті органның келісімі бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру жоспарларын әзірлеу және бекіту;
24) әкімшілік-аумақтық бірліктердің азаматтық қорғаныс жоспарларына келісу;
25) соғыс жағдайы кезеңінде областардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестерін құру;
26) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында міндетті күзетуге және қорғауға жататын коммуналдық маңызы бар маңызды бар маңызды объектілер мен коммуникациялардың тізбесіне ұсыныстар енгізу;
27) әкімшілік-аумақтық бірліктерді жұмылдыру дайындығының кезекті жылға арналған іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және бекіту;
28) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бас штабымен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және бекіту;
29) жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасына әскери қатерлер өскен кезде әкімдіктің іс-қимыл жоспарын әзерлеу және бекіту, сондай-ақ оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
30) елдің қорғанысы мүддесінде өңір аумағын Жедел жабдықтау жоспарын әзірлеу және бекіту;
31) мемлекеттік органдармен бірлесіп әкімшілік-аумақтық бірліктердің экономиясын жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындау жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысу;
32) сақтандыру қорын қару-жарақ пе әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімге арналған техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тәуекелі жоғары объектілерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында ұлттық игілік болып табылатын объекттілерге арналған жобалау құжаттамасын жасау мен сақтаудағы жұмысты үйлестіру;
33) Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға жұмылдыру жариялауға арналған жергілікті атқарушы органдардың арнаулы құралымдарын және техникасын дайындауды ұйымдастыру;
34) жұмылдыру тапсырыстары бар мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының қорларын құру, жинақтау, сақтау және жаңарту жөніндегі ұсыныстарды қалаптастыру;
35) жұмылдыру дайындығын, аумақтық және азаматтық қорғанысты ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша өткізілетін іс-шараларға қатысу;
36) жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс саласында, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қатысу;
37) азаматтық қорғаныс мүлкін жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікті ұстау бойынша қажетті шаралардың көлемін айқындау және қабылдау;
38) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемін әзірлеуге қатысу;
39) ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттардың жобаларын дайындау, жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың банкроттық, қайта ұйымдастару, тарату, жұмыс бейінін өзгерту кезінде жұмылдыру тапсырыстарын алу және беру туралы жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
40) жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысу;
41) әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскери-көліктік міндет бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
42) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
2) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
6) Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
7) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда басқарма атынан өкілдік етеді;
9) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілерді, бағдарламалар жобаларын және басқа да құжаттарды әзірлеу барысын бақылайды;
10) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражатының ұтымды және нысаналы атқарылуын бақылайды;
11) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, басқарманың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
12) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Басқарма қызметінде заңдылықтың, қызметтік әдеп нормаларының, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
14) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
15) мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
16) басқарманың бұйрықтарына қол қояды;
17) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда басқарма атынан өкілдік етеді, сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда басқарма мүдделерін білдіруге сенімхаттар береді;
18) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіптік даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарма басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Басқарманың бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
20. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Басқарманың мүлкі
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
22. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, басқарма өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма таратылған кезде кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік облыстық коммуналдық меншікте қалады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
"Жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.