Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 384 "2025-2027 жылдарға арналған Қауылжыр ауылдық округі бюджетін бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 85-бабының 2-тармағына, 91-бабының 3-тармағына, 94, 96-баптарына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1. "2025-2027 жылдарға арналған Қауылжыр ауылдық округінің бюджеті бекіту тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 64388,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 8221,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 550,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 55617,0 мың теңге;
2) шығындар – 65258,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -870,1 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 870,1 теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 870,1 теңге.";
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. 2025 жылға арналған ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен 55617,0 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферт түскені ескерілсін.
Ағымдағы нысаналы трансферттің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады";
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Шамбалаев |
Шалқар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 479 шешіміне қосымша |
|
Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 384 шешіміне 1 қосымша |
2025 жылға арналған Қауылжыр ауылдық округ бюджеті
Санаты | Сомасы, мың теңге | ||||
Сыныбы | |||||
Ішкі сыныбы | |||||
Атауы | |||||
I. Кірістер | 64388,0 | ||||
1 | Салықтық түсімдер | 8221,0 | |||
01 | Табыс салығы | 2055,0 | |||
2 | Жеке табыс салығы | 2055,0 | |||
04 | Меншікке салынатын салықтар | 5616,0 | |||
1 | Мүлікке салынатын салықтар | 65,0 | |||
3 | Жер салығы | 20,0 | |||
4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 5451,0 | |||
5 | Бірыңғай жер салығы | 80,0 | |||
05 | Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын ішкі салықтар | 550,0 | |||
3 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер | 550,0 | |||
3 | Негізгі капиталды сатудан түсетін кірістер | 550,0 | |||
03 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер | 550,0 | |||
1 | Жерді сату | 550,0 | |||
4 | Трансферттердің түсімдері | 55617,0 | |||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 55617,0 | |||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 55617,0 | |||
II. Шығындар | 65258,1 | ||||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | 51573,0 | |||
1 | Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар | 51573,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 51573,0 | |||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 51573,0 | |||
022 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 400,0 | |||
05 | Денсаулық сақтау | 20,0 | |||
9 | Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер | 20,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 20,0 | |||
002 | Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізуді ұйымдастыру | 20,0 | |||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 12163,5 | |||
3 | Елді-мекендерді көркейту | 12163,5 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 12163,5 | |||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 2874,0 | |||
009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 521,0 | |||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 8768,5 | |||
12 | Көлік және коммуникация | 1500,0 | |||
1 | Автомобиль көлігі | 1500,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 1500,0 | |||
013 | Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 1500,0 | |||
15 | Трансферттер | 1,6 | |||
1 | Трансферттер | 1,6 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 1,6 | |||
048 | Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару | 1,6 | |||
III. Бюджет тапшылығы (профициті) | -870,1 | ||||
IV. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 870,1 | ||||
8 | Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 870,1 | |||
01 | Бюджет қаражаты қалдықтары | 870,1 | |||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 870,1 |