Қобда ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 шілдедегі № 352 шешімі

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қобда ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қобда ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қобда аудандық
мәслихатының төрағасы
Ж. Ергалиев

  Қобда аудандық мәслихатының
2025 жылғы 15 шілдедегі
№ 352 шешіміне 1 қосымша

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектінің атауы

Есептік бірлік

Норма, жылына 1 есептік бірлікке текше метр

1.

Абаттандырылған және абаттандырылмаған үй иелері

1 тұрғын

0,92

1.1

Ірі көлемді қалдықтар

1 тұрғын

0,19

2.

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,13

3.

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,13

4.

Балабақшалар, бөбекжайлар және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,4

5.

Мекемелер,ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,22

6.

Емханалар, медицина орталықтар

1 келуші

0,04

7.

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-алдын алу мекемелері

1 төсек-орын

2,06

7.1

Күндізгі стационар

1 төсек-орын

0,82

8.

Мектептер және басқа оқу орындары

1 оқушы

0,13

9.

Мейрамханалар, дәмханалар және қоғамдық тамақтандыру орындары

1 отыратын орын

1,16

10.

Мұражайлар, көрме залдары

жалпы ауданның 1 м2

0,13

11.

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,11

12.

Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер

сауда ауданның 1 м2

0,8

13.

Дәріханалар

сауда ауданның 1 м2

0,44

14.

Автотұрақтар, автожуу, автомобиль жаңармай құю бекеті

1 машина орын

0,11

15.

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,3

16.

Шаштараздар, сұлулық салондары

1 жұмыс орны

0,23

17.

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы ауданның 1 м2

0,13

18.

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы ауданның 1 м2

13

19.

Моншалар , сауналар

жалпы ауданның 1 м2

0,26

  Қобда аудандық мәслихатының
2025 жылғы 15 шілдедегі
№ 352 шешіміне 2 қосымша

Қобда ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығысыз)

1.1.

Абаттандырылған және абаттандырылмаған үй иелері

айына 1 тұрғынға

482

1.2.

Заңды тұлғалар және заңды тұлғалар болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған тариф

1 текше метр

6287,7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады