Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қобда ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қобда ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қобда аудандық мәслихатының төрағасы |
Ж. Ергалиев |
Қобда аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 шілдедегі № 352 шешіміне 1 қосымша |
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектінің атауы | Есептік бірлік | Норма, жылына 1 есептік бірлікке текше метр |
1. | Абаттандырылған және абаттандырылмаған үй иелері | 1 тұрғын | 0,92 |
1.1 | Ірі көлемді қалдықтар | 1 тұрғын | 0,19 |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,13 |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,13 |
4. | Балабақшалар, бөбекжайлар және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,4 |
5. | Мекемелер,ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,22 |
6. | Емханалар, медицина орталықтар | 1 келуші | 0,04 |
7. | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-алдын алу мекемелері | 1 төсек-орын | 2,06 |
7.1 | Күндізгі стационар | 1 төсек-орын | 0,82 |
8. | Мектептер және басқа оқу орындары | 1 оқушы | 0,13 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар және қоғамдық тамақтандыру орындары | 1 отыратын орын | 1,16 |
10. | Мұражайлар, көрме залдары | жалпы ауданның 1 м2 | 0,13 |
11. | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,11 |
12. | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда ауданның 1 м2 | 0,8 |
13. | Дәріханалар | сауда ауданның 1 м2 | 0,44 |
14. | Автотұрақтар, автожуу, автомобиль жаңармай құю бекеті | 1 машина орын | 0,11 |
15. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,3 |
16. | Шаштараздар, сұлулық салондары | 1 жұмыс орны | 0,23 |
17. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы ауданның 1 м2 | 0,13 |
18. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы ауданның 1 м2 | 13 |
19. | Моншалар , сауналар | жалпы ауданның 1 м2 | 0,26 |
Қобда аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 шілдедегі № 352 шешіміне 2 қосымша |
Қобда ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
№ | Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығысыз) |
1.1. | Абаттандырылған және абаттандырылмаған үй иелері | айына 1 тұрғынға | 482 |
1.2. | Заңды тұлғалар және заңды тұлғалар болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған тариф | 1 текше метр | 6287,7 |