Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың "2025-2027 жылдарға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 197 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 96 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4-1. 2025 жылға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға - 760 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.".
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
| Аудандық мәслихат төрағасы: | М. Турымов |
