ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 529 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Ырғыз ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ырғыз ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Қызбергенов |
| Ырғыз ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 қараша № 252 қаулысына қосымша |
Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффиценті | |
1 | Ырғыз ауылдық округі | Ырғыз ауылы | 2,35 |
2 | Ақши ауылы | 1,65 | |
3 | Қалыбай ауылы | 1,55 | |
4 | Аманкөл ауылдық округі | Құтикөл ауылы | 1,85 |
5 | Аманкөл ауылы | 1,75 | |
6 | Жарма ауылы | 1,65 | |
7 | Қызылжар ауылдық округі | Құрылыс ауылы | 1,85 |
8 | Жаныс би ауылы | 1,75 | |
9 | Шеңбертал ауылы | 1,75 | |
10 | Құмтоғай ауылдық округі | Құмтоғай ауылы | 1,65 |
11 | Қарасай ауылы | 1,4 | |
12 | Қарақұдық ауылы | 1,55 | |
13 | Нұра ауылдық округі | Нұра ауылы | 2,35 |
14 | Белшер ауылы | 2,05 | |
15 | Дүкен ауылы | 1,8 | |
16 | Мамыр ауылы | 1,95 | |
17 | Тәуіп ауылдық округі | Құйылыс ауылы | 2,15 |
18 | Жайсаңбай ауылдық округі | Жайсаңбай ауылы | 2,15 |
