Байғанин ауданының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақының мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 1 тамыздағы № 303 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.10.2025 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысына және Байғанин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 25 шілдедегі № 179 "Байғанин ауданының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы" қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен "Байғанин аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекеме және "Байғанин аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Байғанин аудандық дін істері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің техникалық персоналын қоспағанда, қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына елу пайыздан аспайтын мөлшерде ынталандыру үстемақылар белгіленсін.

      2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық мәслихатының төрағасы М. Дауылбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады