ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.10.2025 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, "Байғанин аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және "Байғанин аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Байғанин аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттары айқындалсын.
2. "Байғанин аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Байғанин ауданының әкімі | А. Купенов |
Байғанин аудандық әкімдігінің 2025 жылғы 25 шілдедегі № 179 қаулысына қосымша |
Байғанин ауданының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттары
1. Жалпы ережелер
1. Байғанин ауданының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі -Ұйымдар) Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының нормаларына сәйкес, мекемелер қызметкерлерін лауазымдық (қызметтік) міндеттерін тиісінше орындағаны үшін көтермелеу мақсатында әзірленді, сондай-ақ, олардың функциялары мен міндеттерін уақытылы және сапалы орындауға материалдық қызығушылығын арттыруды қамтиды.
2. Байғанин ауданының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларының мөлшері тиісті жергілікті өкілді органнның шешімі бойынша аудан бюджетінің қаражаты есебінен белгіленеді.
2. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі
3. Лауазымдық жалақыға ынталандыру үстемеақыларын белгілеу Байғанин ауданының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдардың дербес құрылымдық бөлімшелері басшыларының жазбаша ұсынымы негізінде ұйым басшысының, не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен жүргізіледі. Жазбаша ұсынымды дербес құрылымдық бөлімшелер қызметкерінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысына шығарады.
4. Ұсынымда қызметкердің тегі мен лауазымы, үстемеақының негіздері мен мөлшері және тәртіптік жазаның жоқтығы туралы мәліметтер көрсетіледі.
5. Ұсынымды ұйым басшысы күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде қарайды.
6. Ұйымның басшысы ұсынымды қарау нәтижесінде лауазымдық жалақыға ынталандыру үстемеақысын белгілеуден бас тарту себептерін негіздей отырып, келіседі немесе бас тартады.
3. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары
5. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығын беретін қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;
2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу;
3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;
4) ұйымдардың одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау;
5) егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған жұмыскерлердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босамай орындау;
6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (өтіл) мен дағдыларды, оларды тәжірибеде табысты қолданумен, сондай-ақ басқа да көрсеткіштерді жүктеу;
7) бұдан басқа, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар құжаттармен жұмысты жүзеге асыратын қызметкерге лауазымдық жалақыға үстемеақы олардың орындалу көлеміне қарай, сондай-ақ, оның кейбір құқықтарын шектегені және қосымша жауаптылығы үшін белгіленуі мүмкін;
8) үстемеақылар, сондай-ақ, келесідей объективті мән-жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде белгіленуі мүмкін: осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек мертігуі, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіргенге, не мүгедектік белгіленгенге дейін.
6. Лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақы қызметкерлерге белгіленбейді:
1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
2) мекемеде бір айдан аз жұмыс істегендерге;
3) сынақ мерзімінен өту кезеңіне.
7. Лауазымдық міндеттерін жосықсыз атқаратын және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің және еңбек тәртібінің талаптарын бұзуға жол беретін қызметкерлерге қатысты ынталандыру үстемеақыларының күші жойылуы мүмкін.