Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Ақтөбе қаласын тиімді дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қарашадағы № 2323 қаулысы

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе қаласын тиімді дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. "Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберу;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Бекет

  Ақтөбе қаласы әкімдігінің
"6" 11 2025 жылғы № 2323
қаулыға Қосымша

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе қаласын тиімді дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе қаласын тиімді дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі(бұдан әрі-орталық) қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақыларды (бұдан әрі-ынталандырушы үстемеақылар) белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге, ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы, және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекітеді.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1 - бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы-қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасы мен жағдайларына, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.

      3. Мемлекеттік басқару органы - Ережеге сәйкес орталықтың уәкілетті органы болып табылатын тиісті саладағы мемлекеттік мекеме.

      4. Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.

2 тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі

      5. Мемлекеттік басқару органы ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес ынталандыру үстемеақыларын төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті Ақтөбе қаласының жергілікті бюджетінен бюджет қаражатын көздейді бюджет жобасын Ақтөбе қаласының мәслихатына жібереді.

      7. Уәкілетті орган ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілегеннен кейін Орталық басшысы қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеу туралы бұйрық шығарады.

      8. Орталық басшысы Еңбек және/немесе атқарушылық тәртіпті бұзған жағдайда, өз қызметкерлерінің ынталандыру үстемесінің мөлшерін жеке тәртіппен қайта қарауға құқылы.

      9. Ынталандырушы сыйлықақылар төленбейді:

      1) қызметкер сынақ мерзімінде болған кезеңде;

      2) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда.

3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары

      10. Ынталандырушы үстемеақылар қызметкерлерді ынталандыру және білікті кадрлар құрамын сақтау мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.

      11. Осы қаулыда көрсетілген орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 "органдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы" каулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен".

      12. Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың төленген түрлерін тоқтату үшін негіз болып табылмайды (сыйлықақылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстеме ақылар, үстеме ақылар және т.б.).

      13. Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.

      14. Ынталандырушы үстемеақылар еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.

      15. Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақыларды төлеуді қаржыландыру көзі Ақтөбе қаласының жергілікті бюджеті болып табылады.

      16. Мемлекеттік басқару органы ведомстволық бағынысты ұйымның бірінші басшысының ұсынысы негізінде ведомстволық бағынысты ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады