1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығына орай әлеуметтік көмек көрсету туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2025 жылғы 30 мамырдағы № 293 шешімі

      Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 33-бабы 1-тармағының 5) тармақашасына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне олардың жерленген жерлеріне жол жүру шығындарын өтеу (бұдан әрі –шығандарды өтеу) түрінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.

      2. Шығындарды өтеу "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрі – Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) көрсетіледі.

      3. Шығындарды өтеу Ақтөбе қаласының азаматтарына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Еуроодақ елдері бойынша – темір жол көлігіне сатып алынған билеттердің құнына (екі жаққа) тең сомада, бірақ купе вагоны билетінің құнынан аспайтын мөлшерде, ал қажет болған жағдайда теміржол станциясынан межелі пунктіне дейін – облысішілік қатынастағы жолаушылар автобусына жүргізіледі.

      4. Шығындарды өтеу, Ақтөбе қаласына келген күннен бастап, екі айдан кешіктірмей Әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, өтінішпен жүгінген қаза тапқан әскери қызметшілері отбасының, бірақ екі адамнан аспайтын мүшелеріне, келесі құжаттарды қоса бере отырып жүргізіледі:

      1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      2) екінші деңгейдегі банктегі немесе "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы шотының нөмірі туралы мәліметтер;

      3) жол жүру фактісін растайтын екі жақты билеттер;

      4) қаза болған әскери қызметшілерінің жерленген жерін растайтын құжат немесе жерленген жерінен келген шақыру-хат;

      5) әскери қызметшілер отбасы мүшелерінің туыстық қатынастарын растайтын құжат.

      5. Баратын мемлекеттің визалық режимі жағдайында визаны рәсімдеуді қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мүшелері өз бетінше жүзеге асырады.

      6. Ақтөбе қаласының жергілікті бюджеті қаржыландыру көзі болып анықталсын.

      7. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы А. Даржанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады