Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылғы 27 маусымдағы № 230 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртібі мен шарттарына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына елу пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың төрағасы Г. Сүйінтаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады