Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жұмылдыру дайындығын, аумақтық және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылғы 27 маусымдағы № 228 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртібі мен шарттарына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жұмылдыру дайындығын, аумақтық және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың төрағасы Г. Сүйінтаева

  2025 жылғы 27 маусымдағы
№ 228 облыстық мәслихаттың
шешіміне қосымша

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жұмылдыру дайындығын, аумақтық және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары

Лауазымы

Лауазымдық айлықақыға қосылатын үстемеақы мөлшері

1

2

3

1.

Басшы

30%

2.

Басшының орынбасары

30%

3.

Бас есепші

30%

4.

Бас есепшінің орынбасары

30%

5.

Материалдық стол есепшісі

30%

6.

Бөлім бастығы

30%

7.

Маман

30%

8.

Іс жүргізуші

30%

9.

Сектор меңгерушісі

30%

10.

Қойма меңгерушісі

30%

11.

Қоймашы

30%

12.

Күзетші

50%

13.

Аула сыпырушы

50%

14.

Ғимарат жұмысшысы

50%

15.

Жүргізуші

50%

16.

Қызметтік ғимарат тазалаушысы

50%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады