"Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 548 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 678 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 548 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15640 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кірісіпесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 77-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидалары "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссияларының қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.";

      7 және 7-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тұрғын үй комиссиясының төрағасы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы немесе оның орынбасарларының бірі болып табылады.

      7-1. Тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары әлеуметтік жұмысқа жетекшілік ететін қызмет басшысы болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты
Е. Саденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады