Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнің 70-бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын пилотсыз ұшу аппараттарын жоюдың техникалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты | Е. Саденов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
________________
2025 жылғы "__" _______
Бұйрыққа қосымша | |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 сәуір № 350 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын пилотсыз ұшу аппараттарын жоюдың техникалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормалары
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Пайдалану мерзімі, жыл | Қолдану аймағы | Тарату саласы |
1 | Пилотсыз ұшу аппараттарын бейтараптандырудың техникалық құралдары | Жинақ | 2 | 7 | Қызмет өткеру кезінде қолдану үшін | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағына, әрбір "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлінісіне, әрбір жылдам қимылдайтын арнайы жасағына, әрбір қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне |