Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекеттерін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 349 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнің 70-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекеттерін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның электрондық түрдегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін;

      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр полиция генерал-лейтенанты Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      _________________________

      2025 жылғы "__" __________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2025 жылғы "30" "сәуір"
№ 349 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекеттерін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормалары

р/с №

Мүліктің атауы

саны (жинақ)

Тиесілігі

Ескертпе

Пайдалану мерзімі

1

Портативті бейнетіркегіш (бейнежетон)

1

Патрульдік полицияның әрбір қызметкеріне, Көліктегі және метрополитендегі патрульдік полицияның әрбір нарядына (ауысымына), әрбір учаскелік полиция инспекторына, заңсыз көші-қонға қарсы күрес арнайы бөлінісінің әрбір қызметкеріне және ішкі істер органдарының әрбір кезекші жедел-тергеу тобына.

Қызмет өткеру кезінде қолдану үшін

7 жыл

2.

Деректерді зарядтаудың, архивтеудің және сақтаудың мультимедиялық терминалы (деректерді алу жүйесі)

1

Әрбір Полиция департаменті, Көліктегі полиция департаменті, қалалық, аудандық желілік органдарға, ішкі істер органдарының әрбір кезекші бөліміне

1 станция 56 портативті бейнетіркегішке дейін

7 жыл


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады