Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8686-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
11-тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, бірінші типті қант диабеті, миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай), орфандық аурулар, созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы, психикалық, мінез-құлық бұзылыстары (аурулар), балалардың церебральды сал ауруы, ревматизм, дәнекер тінінің жүйелі зақымдануы, жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары, орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялық аурулары) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
11-тармақтың 4-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған бірінші типті қант диабеті, миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай), орфандық аурулар, созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы, психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары), балалардың церебралдық сал ауруы, ревматизм, дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары, нерв жүйесінің дегенерациялық аурулары, орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
11-тармақтың 13-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
""Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарында және 8 бабының 3) тармақшасында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы шегінде төлем туралы құжаттардың негізінде тіс протездеу құнын өтеуге үш жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде;";
11-тармақтың 17-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге қалалық қоғамдық көлікте жол жүру билетінің толық құнын өтеуге ай сайын;";
11-тармақ келесі мазмұндағы 19-абзацпен толықтырылсын:
"18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы мен төлем туралы құжаттарының негізінде, мүгедектігі бар балалардың бассейнге баруына арналған абонемент құнын өтеуге, ай сайын, жылына 6 (алты) айдан артық емес 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде.".
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 1-қосымшаның 11-тармағының 2, 4 және 19-абзацтарын қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы | М.Нұрпанова |
