2025 жылға арналған арнаулы мемлекеттік әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № а-8/314 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.

      2. "Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми жариялауға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола облысы бойынша филиалына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін енгізсін;

      2) осы қаулының Бурабай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің орынбасары М. Рамазанға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданы әкімі А. Садыков

  Бурабай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "29" тамыздағы
№ а-8/314 қаулысына
қосымша

Бурабай ауданы бойынша 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер

Қызмет түрлері

Күніне бір қызмет алушыға арналған тариф, теңге

1

Үйде қызмет көрсету

2893,4 тг


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады