Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Бурабай ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № а-8/306 бірлескен қаулысы және Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 тамыздағы № 8С-34/5 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңының 13-бабына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Бурабай ауданы азаматтарының келесі санаттарына тегін жолақы түрінде жеңілдік белгіленсін:

      1) жасына байланысты зейнеткерлерге;

      2) екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      3) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      4) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысқан адамдарға.

      2. Қаржыландыру көзі Бурабай ауданының бюджеті болып анықталсын.

      3. Осы бірлескен Бурабай ауданы әкімдігінің қаулысы және Бурабай аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының әкімі А.Садықов
      Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы М.Нұрпанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады