Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 914-1 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері белгіленсін.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.
3. Шортанды ауданының кенттер мен ауылдық округтерінің әкімдері Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік жазаға тартылған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Аудан әкімі | С.Шабаров |
| Шортанды ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қазандағы № А-3/204 қаулысына 1-қосымша |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
№ | Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
1 | Аумақтарды, көшелер мен алаңдарды абаттандыру, тазалау және көгалдандыру |
2 | Ағаштар мен бұталарды кесу, бұтақтарды кесу |
3 | Ағаштардың, бұталардың және гүл көшеттерінің көшеттерін отырғызу және жұлу |
4 | Тротуарлар мен өту жолдарын абаттандыру кезіндегі қосалқы жұмыстар |
5 | Жолдарды абаттандыру элементтерін бояу |
6 | Жол техникасына қол жетпейтін жерлерде жол жабындарын тазалау |
7 | Спорт және балалар алаңдарын абаттандыру |
8 | Арнайы кәсіптік даярлауды талап етпейтін басқа да жұмыс түрлері |
9 | Агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарындағы қосалқы жұмыстар және сауда |
| Шортанды ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қазандағы № А-3/204 қаулысына 2-қосымша |
Қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі
№ | Ұйымның атауы |
1 | Шортанды ауданы "Шортанды кенті әкімінің аппараты" ММ |
2 | Шортанды ауданы "Жолымбет кенті әкімінің аппараты" ММ |
3 | Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
4 | Шортанды ауданы "Новокубанка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
5 | Шортанды ауданы "Андреевка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
6 | Шортанды ауданы "Петровка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
7 | Шортанды ауданы "Пригородное ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
8 | Шортанды ауданы "Бектау ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
9 | Шортанды ауданы "Новоселовка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
10 | Шортанды ауданы "Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
11 | Шортанды ауданы "Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
12 | Шортанды ауданы әкімдігі жанындағы "Шортанды Су" ШЖҚ МКК |
13 | "Нива" ЖШС |
14 | "Октябрьское" АШК" ЖШС |
15 | "Петровское" АҚ |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ – мемлекеттік мекеме;
АО – акционерлік қоғам;
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
ШЖҚ МКК – шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
