Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген қосымшаға сәйкес Қорғалжын ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қорғалжын аудандық мәслихатының төрағасы | Б.Рыспаев |
| Қорғалжын аудандық мәслихатының 2025 жылғы 14 қазандағы № 1/37 шешіміне қосымша |
Қорғалжын ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Жинақталу нормасы жылына 1 тұрғынға м3 | Есептік бірлігі | Қызметтердің құны ТБО (ҚҚС-сыз теңге) | Барлығы (ҚҚС-сыз теңге) | |||
Жинау және тасымалдау | Көму | Сұрыптау | |||||
ҚҚС-сыз | ҚҚС- қоса | ||||||
Жайлы үйлер | 1,71 | Бір тұрғынға айына | 324,19 | 138,94 | 0,00 | 463,13 | 518,57 |
Жайлы емес үйлер | 1,76 | 333,67 | 143,00 | 0,00 | 476,67 | 533,87 | |
Жеке және заңды тұлғалар үшін бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | - | 1 м3 | 2 275,00 | 975,00 | 0,00 | 3250,00 | |
