2026 жылға үйде қызметтер көрсету жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № а-10/274 қаулысы

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 4-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 32987 болып тіркелген), Жақсы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға үйде қызметтер көрсету жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифі бекітілсін.

      2. "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы қаулы бойынша туындайтын тиісті шаралар қабылдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жақсы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      А.Қадыралина

  Жақсы ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 4 желтоқсандағы
№ а-10/274 қаулысына
қосымша

2026 жылға үйде қызметтер көрсету жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифін бекіту туралы

Мекемелердің түрлері

Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге)

1

2

3

1.

Үйде қызмет көрсету

3631,68


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады