Жақсы аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 6С-21-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6517 болып тіркелген) "Жақсы ауылы және Жақсы ауданының ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекіту туралы" шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа басылымда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы | А.Бралина |
| Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 8С-47-3 шешіміне 1 қосымша |
|
| Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 6С-21-4 шешіміне 1 қосымша |
Жақсы ауданының Жақсы ауылы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына бағалау аймақтарының шекаралары мен түзету коэффициенттері
Аймақ № | Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері | Аймақтардың шекаралары |
1 | 2 | 3 |
I | 1,7 | Аймақ Жақсы ауылының орталық және солтүстік-батыстағы бөлігінде орналасқан. Аймақ шекарасының солтүстігінен "Астана қаласы - Қостанай қаласы" бағытындағы автожол бойынан өтеді. Шығыс жағынан Тәуелсіздік, Юрий Гагарин, Бауыржан Момышұлы, Абай көшелерінен Мира көшесінің тұйық көшемен шығыс жағынан "Уалиев Турсунбек Абдуалиев атындағы спорттық мектебі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Сейітжан Жақыпов тұйық көшемен шектеседі. Оңтүстік жағынан Сейітжан Жақыпов, Тәуелсіздік, Кенжеш Түктібаев көшелерімен шектеседі. Батыс жағынан Западная, Абай көшелерімен және "Астана қаласы-Қостанай қаласы" автожолына дейін шектеседі. |
II | 1,5 | Аймақ ауылының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігінен "Астана қаласы – Қостанай қаласы" автожол бойынан өтеді. Аймақ шекарасы шығыста "Жақсы ауылы– Державин қаласы" бағытындағы автожол бойымен өтеді. Аймақ шекарасы оңтүстігінен Мира көшесінен өтеді. Батыстан тұйық көшемен Абай, Бауыржан Момышұлы, Юрий Гагарин, Тәуелсіздік көшелерінен солтүстік бағытымен "Астана қаласы – Қостанай қаласы" автожолға дейін. |
III | 1,3 | Аймақ ауылдың батыс жағында орналасқан. Солтүстік жағынан аймақ шекарасы "Астана қаласы – Қостанай қаласы" бағытындағы автожол бойымен өтеді. Автожолдың шығыс жағынан оңтүстік бағытта Абай көшесіне дейін, содан Западная көшесіне дейін, Кенжеш Түктібаев және Тәуелсіздік көшелеріне дейін. Оңтүстігінде аймақ шекарасы Советская көшесінің бойынан өтеді. Батыс жағында аймақ шекарасы "Урожай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің элеваторына апаратын автожол бойымен өтеді. |
IV | 1.1 | Аймақ ауылының орталық және шығыс бөліктерінде орналасқан. Шектеседі: солтүстігінде – Сейтжан Жақыпов көшесі, одан әрі тұйық көше арқылы және Мира көшесі бойымен.. Шығыс жағында шекара "Жақсы ауылы – Державинск қаласы" бағытындағы автожол бойымен өтеді. Оңтүстігінде "Астана қаласы – Есіл қаласы" бағытындағы теміржолдың тосқауыл белдеуін қамтиды, ал батысында элеватормен шектеседі |
V | 1.0. | Аймақ ауылының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстігінен теміржол тосқауыл белдеуімен шектелген. Шығыс жағынан нефтебазаға апаратын айналма жол бойымен өтеді, одан әрі оңтүстік жағында аймақ шекарасы Әліби Жангелдин көшесімен өтеді, содан кейін автожолмен солтүстік бағытта Бейбіт Майлин көшесіне дейін бұрылып, ары қарай теміржолға дейін солтүстікке қарай жалғасады. |
VI | 0,9 | Ауылының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Өндірістік аймақ нысандарын қосады. "Солтүстік жағынан Советская көшесімен, "Урожай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шекарасы бойымен Бейімбет Майлин көшесіне дейін өтеді. Шығыста Бейімбет Майлин көшесімен, автожолмен және Әліби Жангелдин көшесіне дейін өтеді. |
VII | 0,8 | Бұл аймаққа Жақсы ауылының елді мекен шекарасымен шектелген бүкіл елді мекеннен тыс аумақ кіреді. |
