Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жақсы ауылы және Жақсы ауданының ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Жақсы аудандық мәслихатының "Жақсы ауданының Жақсы ауылы және ауылдық елді мекендеріндегі жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 6С-9-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5725 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 қаңтардағы "Жақсы жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Жақсы аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Ұ.Шакеев |
|
Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанәділов |
"КЕЛІСІЛДІ"
| Жақсы ауданының әкімі | Қ.Сүйіндіков |
2018 жыл "16" 03
| Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы "16" 03 № 6С-21-4 шешіміне 1 қосымша |
Ақмола облысы Жақсы ауданының Жақсы ауылы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына бағалау аймақтарының шекаралары мен түзету коэффициенттері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 30.09.2025 № 8С-47-3 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Аймақ № | Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері | Аймақтардың шекаралары |
1 | 2 | 3 |
I | 1,7 | Аймақ Жақсы ауылының орталық және солтүстік-батыстағы бөлігінде орналасқан. Аймақ шекарасының солтүстігінен "Астана қаласы - Қостанай қаласы" бағытындағы автожол бойынан өтеді. Шығыс жағынан Тәуелсіздік, Юрий Гагарин, Бауыржан Момышұлы, Абай көшелерінен Мира көшесінің тұйық көшемен шығыс жағынан "Уалиев Турсунбек Абдуалиев атындағы спорттық мектебі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Сейітжан Жақыпов тұйық көшемен шектеседі. Оңтүстік жағынан Сейітжан Жақыпов, Тәуелсіздік, Кенжеш Түктібаев көшелерімен шектеседі. Батыс жағынан Западная, Абай көшелерімен және "Астана қаласы-Қостанай қаласы" автожолына дейін шектеседі. |
II | 1,5 | Аймақ ауылының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігінен "Астана қаласы – Қостанай қаласы" автожол бойынан өтеді. Аймақ шекарасы шығыста "Жақсы ауылы– Державин қаласы" бағытындағы автожол бойымен өтеді. Аймақ шекарасы оңтүстігінен Мира көшесінен өтеді. Батыстан тұйық көшемен Абай, Бауыржан Момышұлы, Юрий Гагарин, Тәуелсіздік көшелерінен солтүстік бағытымен "Астана қаласы – Қостанай қаласы" автожолға дейін. |
III | 1,3 | Аймақ ауылдың батыс жағында орналасқан. Солтүстік жағынан аймақ шекарасы "Астана қаласы – Қостанай қаласы" бағытындағы автожол бойымен өтеді. Автожолдың шығыс жағынан оңтүстік бағытта Абай көшесіне дейін, содан Западная көшесіне дейін, Кенжеш Түктібаев және Тәуелсіздік көшелеріне дейін. Оңтүстігінде аймақ шекарасы Советская көшесінің бойынан өтеді. Батыс жағында аймақ шекарасы "Урожай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің элеваторына апаратын автожол бойымен өтеді. |
IV | 1.1 | Аймақ ауылының орталық және шығыс бөліктерінде орналасқан. Шектеседі: солтүстігінде – Сейтжан Жақыпов көшесі, одан әрі тұйық көше арқылы және Мира көшесі бойымен.. Шығыс жағында шекара "Жақсы ауылы – Державинск қаласы" бағытындағы автожол бойымен өтеді. Оңтүстігінде "Астана қаласы – Есіл қаласы" бағытындағы теміржолдың тосқауыл белдеуін қамтиды, ал батысында элеватормен шектеседі |
V | 1.0. | Аймақ ауылының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстігінен теміржол тосқауыл белдеуімен шектелген. Шығыс жағынан нефтебазаға апаратын айналма жол бойымен өтеді, одан әрі оңтүстік жағында аймақ шекарасы Әліби Жангелдин көшесімен өтеді, содан кейін автожолмен солтүстік бағытта Бейбіт Майлин көшесіне дейін бұрылып, ары қарай теміржолға дейін солтүстікке қарай жалғасады. |
VI | 0,9 | Ауылының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Өндірістік аймақ нысандарын қосады. "Солтүстік жағынан Советская көшесімен, "Урожай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шекарасы бойымен Бейімбет Майлин көшесіне дейін өтеді. Шығыста Бейімбет Майлин көшесімен, автожолмен және Әліби Жангелдин көшесіне дейін өтеді. |
VII | 0,8 | Бұл аймаққа Жақсы ауылының елді мекен шекарасымен шектелген бүкіл елді мекеннен тыс аумақ кіреді. |
| Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 6С-21-4 шешіміне 2 қосымша |
Жақсы ауданының ауылдық елді мекендердегі жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына бағалау аймақтарының шекаралары мен түзету коэффициенттері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 12.03.2020 № 6ВС-52-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Аймақ № | Жер учаскелері үшін төлемақылық базалық ставкаларына түзету коэффициенттері | Аймаққа енетін ауылдық елді мекендердің атауы (ауылдық округтер бойынша) |
1 | 2 | 3 |
І | 1,8 | 01-278-007 Белағаш ауылы (Белағаш ауылы) |
1,6 | 01-278-057 Жаңа-Қима ауылы (Жаңа-Қима ауылдық округі) | |
1,6 | 01-278-060 Запорожье ауылы (Запорожье ауылдық округі) | |
1,6 | 01-278-024 Новокиенка ауылы (Новокиенка ауылы) | |
1,65 | аймақ бойынша орташа мағына | |
II | 1,5 | 01-278-037 Подгорное ауылы (Подгорное ауылы) |
1,3 | 01-278-035 Беловод ауылы (Беловод ауылдық округі) | |
1,3 | 01-278-033 Киров ауылы (Қызылсай ауылдық округі) | |
1,3 | 01-278-021 Тарас ауылы (Тарас ауылдық округі) | |
1,2 | 01-278-011 Перекатное ауылы (Беловод ауылдық округі) | |
1,2 | 01-278-047 Ешім ауылы (Ешім ауылдық округі) | |
1,2 | 01-278-009 Қайрақты ауылы (Беловод ауылдық округі) | |
1,2 | 01-278-027 Чапай ауылы (Чапай ауылы) | |
1,2 | 01-278-019 Киев ауылы (Киев ауылы) | |
1,27 | аймақ бойынша орташа мағына | |
III | 1,1 | 01-278-058 Қима ауылы (Жаңа - Қима ауылдық округі) |
1,1 | 01-278-039 Лозовое ауылы (Запорожье ауылдық округі) | |
1,1 | 01-278-016 Моховое ауылы (Калинин ауылдық округі) | |
1,0 | 01-278-013 Калинин ауылы (Калинин ауылдық округі) | |
1,0 | 01-278-022 Қазақ ауылы (Тарас ауылдық округі) | |
1,01 | аймақ бойынша орташа мағына | |
IV | 0,8 | 01-278-068 Алғабас ауылы (Жаңа - Қима ауылдық округі) |
0,8 | 01-278-050 Монастырка ауылы (Ешім ауылдық округі) | |
0,8 | 01-278-031 Баяғыз ауылы (Қызылсай ауылдық округі) | |
0,7 | 01-278-017 Қалмақкөл ауылы (Калинин ауылдық округі) | |
0,6 | 01-278-049 Қазақстан ауылы (Ешім ауылдық округі) | |
0,6 | 01-278-064 Терісаққан ауылы (Терісаққан ауылы) | |
0,69 | аймақ бойынша орташа мағына |
