"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 914-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері айқындалсын.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.
3. Есіл қаласы, Красногорский кенті, ауылдық округтер мен ауылдар әкімінің аппараттары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен әкімшілік жазаға тартылған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Есіл ауданының әкімі | С.Балжанов |
| Есіл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № А-9/175 қаулысына 1-қосымша |
Қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі
№ | Ұйымның атауы |
1 | "Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 | "Ақмола облысы Есіл ауданы Красногорский кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
3 | "Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
4 | "Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
5 | "Ақмола облысы Есіл ауданы Жаныспай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
6 | "Ақмола облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
7 | "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
8 | "Ақмола облысы Есіл ауданы Красивинский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
9 | "Ақмола облысы Есіл ауданы Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
10 | "Ақмола облысы Есіл ауданы Свободный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
11 | "Ақмола облысы Есіл ауданы Юбилейный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
12 | "Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
13 | "Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
14 | "Ақмола облысы Есіл ауданы Московский ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
15 | "Ақмола облысы Есіл ауданы Орловка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
| Есіл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № А-9/175 қаулысына 2-қосымша |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
№ | Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
1 | Аумақтарды, көшелер мен алаңдарды абаттандыру, тазалау және көгалдандыру |
2 | Ағаштар мен бұталарды, бұтақтарды кесу |
3 | Ағаштардың, бұталардың, гүлдердің көшеттерін отырғызу және арамшөптерден тазарту |
4 | Автобус аялдамаларының аумақтарын абаттандыру және тазалау |
5 | Тротуарлар мен жолдарды абаттандыру кезіндегі қосалқы жұмыстар |
6 | Жолдарды абаттандыру элементтерін бояу |
7 | Жол техникасы үшін қолжетімсіз жерлерде жол жабындарын тазалау |
8 | Спорт және балалар алаңдарын абаттандыру |
9 | Арнайы кәсіптік даярлықты талап етпейтін жұмыстардың басқа түрлері |
10 | Агроөнеркәсіптік кешен және сауда кәсіпорындарындағы қосалқы жұмыстар |
