Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабының 1-тармағына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2025 жылға Есіл ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері ай сайын бір шаршы метр үшін - 25,43 теңге мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Есіл аудандық мәслихаты төрайымының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы |
Е.Челюбеева |
