Біржан сал ауданында қоғамдық жұмыстардың орындалуы тиіс ұйымдардың, қоғамдық жұмыстардың түрлерінің тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 8 қазандағы № а-8/158 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Біржан сал ауданында қоғамдық жұмыстардың түрлері, осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Біржан сал ауданында қоғамдық жұмыстардың орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі, осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Біржан сал ауданының Степняк қаласы, ауылдық округтер және ауылдардың әкімдері Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік жазаға тартылған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру бойынша шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары О.Т. Ахметоваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Қасенов

  Біржан сал ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 8 қазандағы
№ а-8/158 қаулысына
1-қосымша

Біржан сал ауданындағы қоғамдық жұмыстардың түрлері

р/№

қоғамдық жұмыстардың түрлері

1.

Аумақтарды, көшелер мен алаңдарды абаттандыру, тазалау және көгалдандыру

2.

Ағаштар мен бұталарды кесу және бұтау

3.

Ағаш, бұта көшеттері мен гүл көшеттерін отырғызу және арам-шөптерін жұлу

4.

Автобус аялдамалары аумақтарын абаттандыру және тазалау

5.

Жаяу жүргінші жолдары мен көлік жолдарын абаттандыру бойынша көмекші жұмыстар

6.

Жолдарды абаттандыру элементтерін сырлау

7.

Жол техникасы кіре алмайтын жерлерде жол жабындыларын тазалау

8.

Спорт және балалар алаңдарын абаттандыру

9.

Арнайы кәсіби даярлықты қажет етпейтін басқа да жұмыстар

 
  Біржан сал ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы 8 қазандағы
№ а-8/158 қаулысына
2-қосымша

Біржан сал ауданында қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізімі

р/№

ұйымдардың атауы

1.

Біржан сал ауданының "Степняк қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

2.

Біржан сал ауданының "Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

3.

Біржан сал ауданының "Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

4.

Біржан сал ауданының "Бірсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

5.

Біржан сал ауданының "Уәлихан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

6.

Біржан сал ауданының "Донской ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

7.

Біржан сал ауданының "Еңбекшілдер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

8.

Біржан сал ауданының "Заурал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

9.

Біржан сал ауданының "Макинка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

10.

Біржан сал ауданының "Үлгі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

11.

Біржан сал ауданының "Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

12.

Біржан сал ауданының "Кеңашы ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

13.

Біржан сал ауданының "Краснофлот ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

14.

Біржан сал ауданының "Мамай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады