Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 02 қыркүйектегі № а-8/192 қаулысы

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 желтоқсандағы № 504 бұйрығының 4-тармағына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35569 болып тіркелген), Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген), жан басына шаққандағы тарифтің есептеулерін жүргізсін.

      2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Н.Мұқатов

 
  Ерейментау ауданы
әкімдігінің 2025 жылғы
"02" қыркүйектегі
№ а-8/192 қаулысына қосымша

Бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф

Мекеме
түрлері

Көрсетілетін қызметті алушының түрлері

1 қызмет алушыға
1 күнгі тариф
(тенге)

Кіші түрі

Көрсетілетін қызметті алушының жағдайы

1

2

3

4

5

1.

Үйде қызмет көрсету

Қарттар, мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар

130 адам

2168,29


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады