2026 жылға арналған әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифті бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № А-12/284 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифті бекітілсін.

      2. "Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      1. Осы Қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалына қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      2. осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін, интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан әкімінің жетекшілік ететін орынбасары жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Ерсейітов

 
  Астрахан ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 31 желтоқсандағы
№ А-12/284 қаулысына
қосымша

2026 жылға арналған бірінші көрсетілетін қызметті алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф

Мекемелердің түрлері

Қызмет алушылардың түрлері

Айына бір қызмет алушының тарифі (теңге)

Кіші түрі

Қызмет алушының жағдайы

1

2

3

4

5

1.

Үйде қызмет көрсету



57 660,25


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады