Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № А-8/157 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімідік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақкөл ауданының, Қарасай ауылдық округі әкімшілік шекарасында орналасқан, осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 2579,2 гектар жер учаскесін "Melior Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай, 2026 жылғы 11 қарашаға дейінгі мерзімге пайдалы қазбаларды барлау үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Melior Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жер учаскесін шектеулі мақсатты пайдалану (қауымдық сервитут) жөнінде келісім-шарт жасассын.

      3. "Melior Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен белгіленсін.

      4. "Melior Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтасын.

      5. "Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қауылын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енгізіледі.

      Ақкөл ауданы әкімінің міндетін атқарушы С.Кенжетай

 
  Ақкөл ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "12" тамыздағы
№ А-8/157 қаулысына
1 қосымша

"Melior Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

№ р/с

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы

кадастрлық нөмірі

Жария сервитут белгілеудің жалпы ауданы, гектар

Оның ішінде

ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылымдар, гектар

Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, гектар

1

"Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Степногорск орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

01-001-041-002

1158,8

1158,8


2

Бава Набиевич Ахметов

01-001-017-034

67,7

67,7


3

"AkkolBeef" ЖШС

01-001-017-010

165,8

165,8


4

Бава Набиевич Ахметов

01-001-017-008

6,4

6,4


5

Бава Набиевич Ахметов

01-001-017-033

171,8

171,8


6

"АГАБЕК-2016" ЖШС

01-001-017-044

97,8

97,8


7

"Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Степногорск орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

01-001-041-004

207,7

207,7


8

"Агрофирма РАДЖ" ЖШС

01-001-017-058

263,4

263,4


9

Бава Набиевич Ахметов

01-001-017-035

115,4

115,4


10

Майраш Бакеновна Ибраимбекова

01-001-017-027

89,3

89,3


11

"Бавария KZ" ЖШС

01-001-017-028

235,1

235,1



Жиыны



2579,2



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады