Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 29 шілдедегі № А-7/143 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімідік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақкөл ауданының, Қарасай ауылдық округі әкімшілік шекарасында орналасқан, осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 2263,6 гектар жер учаскесін "Melior Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай, 2026 жылғы 11 қарашаға дейінгі мерзімге пайдалы қазбаларды барлау үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Melior Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жер учаскесін шектеулі мақсатты пайдалану (қауымдық сервитут) жөнінде келісім-шарт жасассын.

      3. "Melior Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен белгіленсін.

      4. "Melior Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтасын.

      5. "Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қауылын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енгізіледі.

      Ақкөл ауданының әкімі Б.Әбдірахманов

  Ақкөл ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "29" шілдедегі
№ А-7/143 қаулысына
1 қосымша

"Melior Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

№ р/с

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы

кадастрлық нөмірі

Жария сервитут белгілеудің жалпы ауданы, гектар

Оның ішінде

ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылымдар, гектар

Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, гектар

1

"AkkolBeef" ЖШС

01-001-017-121

181,5

181,5


2

Еркен Ерсаинович Абеуов

01-001-017-124

914,4

914,4


3

Еркен Ерсаинович Абеуов

01-001-017-149

727,4

727,4


4

Ақкөл ауданының босалқы
жерлері


440,3

440,3



Жиыны



2263,6



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады