Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Степногорск қаласының әкімі | Г.Қасенов |
| Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № А-12/420 қаулысына қосымша |
2026 жылға арналған бір көрсетілетін қызметті алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер
№ | Түрлері | Бір көрсетілетін қызметті алушыға бір күнге тариф, теңгемен |
1. | Үйде қызмет көрсету жағдайында | 3131,44 |
2. |
Уақытша болу жағдайында | 8681,43 |
3. | Уақытша болу жағдайында (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар) | 12147,27 |
4. | Жартылай стационар жағдайында (психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар) | 5591,75 |
