Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қыркүйектегі № А-9/285 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі Г. Қасенов

  Степногорск қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "10" қыркүйектегі
  № А-9/285 қаулысына
  қосымша

Бір көрсетілетін қызметті алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер

Түрлері

Бір көрсетілетін қызметті алушыға бір күнге тариф, теңгемен

1.

Үйде қызмет көрсету жағдайында

3176,50

2.

Уақытша болу жағдайында
(тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары)

7504,81


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады