"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 101-1-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қызметтік тұрғынжайларды ұстау жəне орталықтандырылған жылыту жүйесі бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық жəне оқшауланған əскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты |
Д. Қосанов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 1165 бұйрығымен бекітілген |
Қызметтік тұрғынжайларды ұстау жəне орталықтандырылған жылыту жүйесі бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық жəне оқшауланған əскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесі
Р/с № |
Гарнизон (облыс, | Әскери қалашықтың орналасқан жері | Санаты (жабық, оқшауланған) | Орналасқан әскери бөлiм (бөлімше) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1-бөлім. Астана қаласы | ||||
1. | Ақмола | Астана қаласы, Железнодорожный тұрғын алабы | Жабық | 68665 |
2. | Ақмола | Астана қаласы | Жабық | Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті |
2-бөлім. Ақмола облысы | ||||
3. | Ақмола |
Аршалы ауданы, | Жабық | 68665, 44813 |
4. | Щучинск | Щучинск қаласы | Жабық |
ҚР ҚМ |
3-бөлім. Алматы облысы | ||||
5. | Алматы |
Қарасай ауданы, | Оқшауланған | 73652 |
6. | Қонаев | Қонаев қаласы | Жабық | 32363 |
7. | Шеңгелді |
Қонаев қаласы, | Оқшауланған | 86621 |
4-бөлім. Жетісу облысы | ||||
8. | Жаркент | Жаркент қаласы | Оқшауланған | 74261 |
9. | Сарыөзек |
Кербұлақ ауданы, | Жабық | 12740, 29108 |
10. | Үшарал |
Алакөл ауданы, | Жабық | 31767 "Д" |
11. | Жетісу | Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы | Оқшауланған | 18386 |
12. | Жетісу | Талдықорған қаласы | Жабық | Талдықорған аудандық пайдалану бөлімі, 54380 |
5-бөлім. Шығыс Қазақстан облысы | ||||
13. | Өскемен |
Өскемен қаласы, | Оқшауланған | 27943, 64471 |
14. | Өскемен |
Күршім ауданы, | Жабық | 31767 "В" |
6-бөлім. Батыс Қазақстан облысы | ||||
15. | Орал |
Жаңғалы ауданы | Оқшауланған | 51809 "В" |
7-бөлім. Абай облысы | ||||
16. | Өскемен |
Жарма ауданы, | Оқшауланған | 47007 |
17. | Аягөз | Аягөз қаласы | Оқшауланған | 10810 |
18. | Аягөз |
Аягөз қаласы, | Оқшауланған | 97616 |
8-бөлім. Жамбыл облысы | ||||
19. | Гвардейск |
Қордай ауданы, | Жабық | 30212, 21450 |
20. | Тараз | Жуалы ауданы, Қызыларық ауылы | Жабық | 91678 |
21. | Луговой | Жабық | 42062 | |
22. | Луговой |
Меркі ауданы, | Жабық | 11971 |
23. | Тараз |
Байзақ ауданы, | Оқшауланған | 28349 |
24. | Тараз |
Байзақ ауданы, | Жабық | 40336 |
25. | Тараз |
Жамбыл ауданы, | Оқшауланған | 10216 "Г" |
9-бөлім. Қарағанды облысы | ||||
26. | Қарағанды |
Абай ауданы, | Оқшауланған | 36352 |
27. | Қарағанды |
Саран қаласы, | Жабық | 22750 |
28. | Балқаш |
Ақтоғай ауданы, | Жабық | 03876 |
10-бөлім. Маңғыстау облысы | ||||
29. | Ақтау | Ақтау қаласы | Оқшауланған | 25744, 51809 |
30. | Ақтау | Форт-Шевченко қаласы | Жабық | 51809 |
31. | Атырау |
Бейнеу ауданы, | Оқшауланған | 99116 |
11-бөлім. Түркістан облысы | ||||
32. | Арыс | Арыс қаласы | Оқшауланған | 44859 |
33. | Шымкент |
Сарыағаш ауданы, | Оқшауланған | 35748 |
12-бөлім. Шымкент қаласы | ||||
34. | Шымкент | Шымкент қаласы | Жабық | 35748 |
13-бөлім. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің, байланыс тораптарының бөлімшелері мен әскери қоймалары | ||||
35. | Әуе қорғанысы күштерi бөлiмшелерiнiң өз тұрғын үй қоры бар және елдi мекендерден тыс орналасқан әскери қалашықтары | Оқшауланған | ||
36. | Байланыс тораптары мен әскери қоймалардың өз тұрғын үй қоры бар және елдi мекендерден тыс орналасқан әскери қалашықтары | Оқшауланған | ||
Ескертпе. |