Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 246) тармақшасына БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қызметтік тұрғынжайды ұстау жəне орталықтандырылған жылыту бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық жəне оқшауланған əскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесі бекітілсін.
2. "Қызметтік тұрғынжайларды ұстау және орталықтандырылған жылыту жүйесі бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 1165 бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты |
Д. Қосанов |
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 363 бұйрығымен бекітілген |
Қызметтік тұрғынжайды ұстау жəне орталықтандырылған жылыту бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық жəне оқшауланған əскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесі
Р/с | Гарнизон (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) | Әскери қалашықтың орналасқан жері | Санаты (жабық, оқшауланған) | Орналасқан әскери бөлiм (бөлімше) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1-бөлім. Астана қаласы | ||||
1. | Ақмола | Астана қаласы, Железнодорожный тұрғын алабы | Жабық | 68665 |
2. | Ақмола | Астана қаласы | Жабық | Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті |
2-бөлім. Ақмола облысы | ||||
3. | Ақмола | Аршалы ауданы, Арнасай ауылы | Жабық | 68665, 44813 |
4. | Щучинск | Щучинск қаласы | Жабық |
ҚР ҚМ |
3-бөлім. Алматы облысы | ||||
5. | Алматы | Қарасай ауданы, Шамалған ауылы | Оқшауланған | 73652 |
6. | Қонаев | Қонаев қаласы | Жабық | 32363 |
7. | Шеңгелді | Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы | Оқшауланған | 86621 |
4-бөлім. Жетісу облысы | ||||
8. | Жаркент | Жаркент қаласы | Оқшауланған | 74261 |
9. | Сарыөзек | Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы | Жабық | 12740, 29108 |
10. | Үшарал | Алакөл ауданы, Достық ауылы | Жабық | 31767 "Д" |
11. | Жетісу | Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы | Оқшауланған | 18386 |
12. | Жетісу | Талдықорған қаласы | Жабық | Талдықорған аудандық пайдалану бөлімі, 54380 |
5-бөлім. Шығыс Қазақстан облысы | ||||
13. | Өскемен | Өскемен қаласы, Жаңа Ахмеров ауылы | Оқшауланған | 27943, 64471 |
14. | Өскемен | Күршім ауданы, Күршім ауылы | Жабық | 31767 "В" |
6-бөлім. Батыс Қазақстан облысы | ||||
15. | Орал | Жаңақала ауданы Жаңажол ауылы | Оқшауланған | 51809 "В" |
7-бөлім. Абай облысы | ||||
16. | Өскемен | Жарма ауданы, Жаңғызтөбе кенті | Оқшауланған | 47007 |
17. | Аягөз | Аягөз қаласы | Оқшауланған | 10810 |
18. | Аягөз | Аягөз қаласы, Мамырсу ауылы | Оқшауланған | 97616 |
8-бөлім. Жамбыл облысы | ||||
19. | Гвардейск | Қордай ауданы, Гвардейск қала үлгісіндегі кенті | Жабық | 30212, 21450 |
20. | Тараз | Жуалы ауданы, Қызыларық ауылы | Жабық | 91678 |
21. | Луговой | Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Луговой станциясы | Жабық | 42062 |
22. | Луговой | Меркі ауданы, Меркі ауылы | Жабық | 11971 |
23. | Тараз | Байзақ ауданы, Қайнар разъезді, Сарыкемер ауылы | Оқшауланған | 28349 |
24. | Тараз | Байзақ ауданы, Ақжар ауылы | Жабық | 40336 |
25. | Тараз | Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылы | Оқшауланған | 10216 "Г" |
9-бөлім. Қарағанды облысы | ||||
26. | Қарағанды | Абай ауданы, Спасск ауылы | Оқшауланған | 36352 |
27. | Қарағанды | Саран қаласы, Ақтас кенті | Жабық | 85510 |
28. | Балқаш | Ақтоғай ауданы, Орта Дересін ауылы | Жабық | 03876 |
10-бөлім. Маңғыстау облысы | ||||
29. | Ақтау | Ақтау қаласы | Оқшауланған | 25744, 51809 |
30. | Ақтау | Форт-Шевченко қаласы | Жабық | 51809 |
31. | Атырау | Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы | Оқшауланған | 99116 |
11-бөлім. Түркістан облысы | ||||
32. | Арыс | Арыс қаласы | Оқшауланған | 44859 |
33. | Шымкент | Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылы | Оқшауланған | 35748 |
12-бөлім. Шымкент қаласы | ||||
34. | Шымкент | Шымкент қаласы | Жабық | 35748 |
13-бөлім. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің, байланыс торабының бөлімшелері мен әскери қоймалары | ||||
35. | Өз тұрғын үй қоры бар және елдi мекеннен тыс орналасқан Әуе қорғанысы күштерi бөлiмшелерiнiң әскери қалашықтары | Оқшауланған | ||
36. | Өз тұрғын үй қоры бар және елдi мекеннен тыс орналасқан байланыс торабы әскери қалашықтары мен әскери қоймалар | Оқшауланған | ||
Ескертпе. | ||||
