Техногендік төтенше жағдайды нысан бойынша жариялау туралы

Жаңа

Астана қаласының Алматы ауданы әкімінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 03-02-02 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңының 35-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, "Азаматтық қорғау" туралы заңының 48-бабына, 2023 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. "Табиғи, техникалық және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу туралы" №240 бұйрығына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы, 24Б, мекен-жайында тұрғын үйдің фасадының құлауына байланысты техногендік сипаттағы апатты жағдай туындауына орай, аталған объектіде объектілік масшабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Халықты дереу хабардар етілсін және қауіпті аумаққа кіруге тыйым салынсын.

      3. Төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы болып Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің орынбасары С.Тәжіханов тағайындалсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Шешім бірінші жарияланған күннен бастап күшіне енсін.

      Астана қаласының "Алматы" ауданының әкімі Р.Тәуекелов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады