"ҚазТрансГаз Аймақ" акционерлік қоғамы Атырау өндірістік филиалының жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 1455 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармағына және 69-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Атырау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ҚазТрансГаз Аймақ" акционерлік қоғамы Атырау өндірістік филиалына (101041017528) газ құбырын жүргізу үшін берілген жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймастан, Атырау қаласы, АМӨЗ аумағынан жалпы ұзындығы 214 метр жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Нсанбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ш. Кейкин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады