Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 15 мамырдағы №3048 хаты негізінде, Теміртау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теміртау қаласы әкімінің:
- 2024 жылғы 15 қаңтардағы №1 "Теміртау каласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы";
- 2024 жылғы 13 ақпандағы №2 "Теміртау қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| О. Таурбеков |
