"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Бурабай ауданы Щучинск қаласының елді мекенінің шекарасын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы" бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № А-11/555 қаулысының және Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 7С-22-4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30688 болып тіркелген) күші жойылсын.
2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімі | М.Ахметжанов |
| Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы | Б.Жүсіпов |
