"Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 85 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса берілген Ереже бекітілсін.

      2. "Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) алып тасталды-Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 07.04.2023 № 1109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді-Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 07.04.2023 № 1109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Өскемен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 10 шілдесіндегі № 3005 "Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 10 қаңтардағы
№ 85 қаулысымен бекітілген

"Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 20.08.2026 № 2653 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. "Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) дене шынықтыру, спорт және туризм салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Өскемен қаласының әкімдігімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қасым Қайсенов көшесі, 10а, пошталық индексі 070004.

      9. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәні бойынша шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Бөлімге табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, алынған кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      1) қала аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;

      2) бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спортынан қала құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      3) Қазақстан Республикасы халқының президентiк тестiлерiн өткізуді орындау жұмысына басшылық ету және бақылау;

      4) спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша қызметін үйлестіру;

      5) туризм саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды іске асыру.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, өзге ұйымдардан және жеке тұлғалардан сұратуға және алуға;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы  заңнамасына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;

      құзырет шегінде мәселелерді қарау кезінде мемлекет мүдделерін барлық мекемелерде білдіру;

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа талап арызбен жүгіну;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз ету;

      мекеме әзірлеуші болған әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторинг жасау және оларға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды уақытылы енгізу, немесе оларды күші жойылды деп тану;

      бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын, бұқаралық, ұлттық спорт түрлерін, мүгедектер спортын дамыту мәселелерін реттейтін бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалық-әдіскерлік құжаттардың жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      конференциялар, семинарлар және тағы басқа оқыту түрлерін және бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру мамандарымен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру және өткізуге қатысу;

      дене шынықтырудың, спорттың және туризмнің дамуы бойынша мәліметтерді талдау және жоғарыда тұрған органдарға ұсыну;

      дене шынықтыруды, спортты және туризмді дамытуға арналған бағдарламаларды, жоспарларды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      Функциялары:

      1) қалада дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      2) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасау;

      3) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      4) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп спорт түрлері бойынша қалалық спорт жарыстарды өткізу;

      5) спорт түрлері бойынша қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорт жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

      6) қала аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;

      7) қала аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      8) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айыру;

      9) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру, біліктілік санаттарынан айыру;

      10) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асыру;

      11) қала аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіру;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан мен мерзімдерге сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну үшін қала аумағындағы дене шынықтыру мен спорттың дамуы туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру;

      13) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша қалалық қомандалардың құрамын қалыптастыру және бекіту;

      14) ресми дене шынықтыру және спорттық іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      15) дене шынықтыру және спорттық іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      16) қала аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету;

      17) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

      18) дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргізу, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабілеттілік пен белсенді ұзақ өмір сүрудің жоғары деңгейіне, сондай-ақ ізгілік мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткізу үшін дене шынықтыру компоненттерін практикалық пайдалануда халықтың білім деңгейін арттыру;

      19) мүгедектігі бар адамдар арасында спортты дамытуды, арнаулы спорттық мүкәммал беруді қамтамасыз етеді және мүгедектігі бар адамдардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшін дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарына қолжетімді болуына жағдай жасау;

      20) дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірлесе отырып, спорт клубтарының, мектептерінің, секцияларының ашылуын, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды республикалық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын қамтамасыз ету;

      21) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, қала деңгейінде спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

      22) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеттерін құруды ұйымдастыру;

      23) аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары әзірлеген қалалық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) бекіту;

      24) халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шараларды өткізу мақсатында білім беру ұйымдарының спорт құрылысжайларын сабақтан тыс және кешкі уақытта пайдалану жөнінде шаралар қабылдау;

      25) бюджет қаражатының көлемдері шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекіту туралы ұсыныстар енгізу;

      26) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету;

      27) мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және мақсатты игерілуінің барлық кезеңі мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз ету;

      28) мынадай әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау:

      спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзу;

      Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу;

      29) Бөлімнің құзыреті шегінде қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

      30) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен айқындалған құзыретіне сәйкес Бөлімнің қызметі мәселелерін шешеді;

      2) белгіленген тәртіппен Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер шақырады;

      3) Бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды;

      4) барлық ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін білдіреді;

      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

      6) Бөлімнің құрылымын дербес айқындайды;

      7) заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      18. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлім мүлік оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Бөлім бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      19. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      20. Бөлімді  қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады