Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ордабасы ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 425 қаулысы;
2) "2023 жылға Ордабасы ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 426 қаулысы.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ордабасы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А.Оралбаев |
