"Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 1443 қаулысы

      Ескерту. Орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Шымкент қаласы әкімдігінің 01.09.2023 № 2232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша орыс тіліндегі мәтінге басқарма атауына қатысты өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - Шымкент қаласы әкімдігінің 30.09.2025 № 5356 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37, 39-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына және "Шымкент қаласының басқару схемасы туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 31/252-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 маусымдағы № 4/31-VIII шешіміне сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. "Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды атқарсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Г.Мауленкуловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2023 жылғы "19" маусымдағы
№ 1443 қаулысына қосымша

"Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шымкент қаласы әкімдігінің 30.09.2025 № 5356 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шымкент қаласы әкімдігінің және әкімінің қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомствалары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентің мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындаға заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынын жасайды.

      6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы, Ғабдолла Тоқаев көшесі 17. Индекс 160011.

      10. Жұмыс режимі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес реттеледі.

      11. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      13. Басқарма кәсіпкерлік орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқарма заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, Қазақстан Рсепубликасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Басқарманың мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын іске асыруды қамтамасыз ету;

      3) жұмылдыру тапсырмаларының (тапсырыстарының) белгіленген мерзімдерде және көлемде орындалуын қамтамасыз ету, ұйым ішінде жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру және жүргізу, жұмылдыру ресурстарының есебін жүргізу, сондай-ақ ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соғыс уақыты жағдайында жұмысқа ауысуға дайын болуын қамтамасыз ету;

      4) жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмылдыру іс-шараларын орындауға дайындық деңгейін арттыру.

      15. Өкілеттіктер:

      1) Басқарманың міндеттері:

      мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

      жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерді қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдері қабылдауды ұйымдастыруға;

      өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

      жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдардың жұмыскерлері мен ұйымдардың мамандарын белгіленген тәртіппен жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындауға, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша тартуға;

      жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау үшін, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мақсатында ақпараттық деректер банктерін пайдалануға;

      жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

      жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс мақсаттары үшін, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша мемлекеттік, ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын белгіленген тәртіппен пайдалануға;

      жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі бойынша жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізуге;

      жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мақсатында өнім өндіруге, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге байланысты шарттар (келісім шарттар) шеңберінде тапсырыстарды орындауға қатысуға міндетті;

      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

      Қазақстан Рсепубликасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

      2) Басқарманың міндеттері:

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге;

      жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, азаматтық қорғаныс, аумақтық қорғаныс, күш құрылымдарымен өзара әрекет етеді және өз құзыреті шегінде азаматтарды әскери қызметке шакыру саласындағы қызметін үйлестіру жұмыстарды атқарады;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

      16. Басқарманың функциялары:

      1) жергілікті әскери басқару органдарына бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде олардың жұмысына жәрдемдесу жәнеде әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізуге қатысу, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында жұмылдыру даярлығы бойынша жаттығулар мен оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу;

      2) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша қызметтік хат алмасулар жүргізу;

      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстары бар және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында шаруашылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, қорғаныс пен әскери қауіпсіздік, аумақтық және азаматтық қорғаныс, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу, оларды әскери қызметке және әскерижиындарға шақыру мәселелері бойынша үйлестіру;

      4) қаланың жұмылдыру жоспарын әзірлеу және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу, қала әкімдігіне бекітуге енгізу, сондай-ақ, қала аумағында жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды жүргізу;

      5) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын әзірлеуге қатысу;

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және бекіту;

      құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның келісім бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру жоспарларын әзірлеу және бекіту;

      6) жұмылдыру тапсырыстары бар, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмылдыру жоспарларын (жұмылдыру іс-шараларының орындау күнтізбе жоспарларын) келісу;

      7) соғыс жағдайы кезеңінде қорғаныс кеңестерін құру;

      8) жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ әскери басқару органдары өкілдерінің қатысуымен жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;

      9) әкімшілік-аумақтық бірліктерді жұмылдыру дайындығының кезекті жылға арналған іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және бекіту;

      10) жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасына әскери қатерлер өскен кезде әкімдіктің іс-қимыл жоспарын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ оның іске асырылуын қамтамасыз ету;

      11) елдің қорғанысы мүддесінде өңір аумағын жедел жабдықтау жоспарын әзірлеу және бекіту;

      12) мемлекеттік органдармен бірлесіп әкімшілік-аумақтық бірліктердің экономикасын жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындау жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысу;

      13) мемлекеттік органдармен бірлесіп әкімшілік-аумақтық бірліктердің экономикасын жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындау жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысу;

      14) мемлекеттік органдармен бірлесіп әкімшілік-аумақтық бірліктердің экономикасын жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындау жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысу;

      15) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы экономикасының іркіліссіз жұмыс істеуін және халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қала аумағында арнаулы құрылымдардың құрылуын қамтамасыз ету;

      16) мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жұмылдыру жоспарларын орындауға экономиканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      17) жұмылдыру тапсырыстары бар мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының қорларын құру, жинақтау, сақтау және жаңарту жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру;

      18) қала аумағында мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету;

      19) қала аумағында жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарларды өңдіруге, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасу;

      20) жұмылдыру тапсырыстары бар мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының қорларын құру, жинақтау, сақтау және жаңарту жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру;

      21) жұмылдыру тапсырыстары бар мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының қорларын құру, жинақтау, сақтау және жаңарту жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру;

      22) Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға жұмылдыру жариялауға арналған жергілікті атқарушы органдардың арнаулы құрлымдарын және техникасын дайындауды ұйымдастыру;

      23) өз құзыреті шегінде аумақты жедел жабдықтау және әскери инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындауға қатысу;

      24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемін көздесу;

      25) жұмылдыру, әскери жағдай және соғыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы хабардар ету мен жеткізуді, сондай-ақ облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астананың) коммуналдық меншікте тұрған техниканы қорғаныс мұқтаждары үшін жинау пункттеріне, әскери бөлімдерге және арнайы мемлекеттік органдарға жеткізу мен тапсыруды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысу;

      26) жұмылдыру дайындығы, аумақтық, азаматтық қорғаныс саласындағы, сондай-ақ азаматтарды әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру бойынша уәкілетті органдарға қызметтің тиісті салаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      27) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс жөніндегі, сондай-ақ азаматтарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

      28) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға беру;

      29) жұмылдыру даыйндығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      30) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, қорғаныс және әскери қауіпсіздік, аумақтық және азаматтық қорғаныс саласында, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алуды ұйымдастыру және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

      31) сақтандыру қорын қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімге арналған техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тәуекелі жоғары объектілерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалау құжаттамасын жасау мен сақтаудағы жұмысты үйлестіру;

      32) жұмылдыру дайындығын, аумақтық және азаматтық қорғанысты ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша өткізілетін іс-шараларға қатысу;

      33) жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс саласында, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қатысу;

      34) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемін әзірлеуге қатысу;

      35) жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысу;

      36) әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскери-көліктік міндет бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      37) жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимыл тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде жұмысты ұйымдастыру;

      38) аумақтық әскерлердің аумақты оргагандардың Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекіткен саны мен құрылымы шегінде қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;

      39) жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимыл тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде жұмысты ұйымдастыру;

      аумақтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және іске асыру;

      көлік құралдарымен, ақпараттың, телекоммуникацияның және байланыстың техникалық құралдарымен, жиһазбен және қазармалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды күтіп-ұстауды, қызмет көрсетуді және жөндеуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылыту мен байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қоса алғанда, материалдық-техникалық құралдардың қорларын құру, аумақтық әскерлерді арнайы өрістетуді жүргізу кезінде соғыс уақытының штаттық қажеттілігі нормаларына сәйкес аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен жиындар өткізу;

      40) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесіне басшылық ету;

      41) қосалқы (қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;

      42) азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемдерін айқындау және оларды жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстап тұру жөнінде қажетті шаралар қолдану;

      43) әкімшілік-аумақтық бірліктердің азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеу;

      44) азаматтық қорғаныс мүлкін жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстау бойынша қажетті шаралардың көлемін айқындау және қабылдау;

      45) құлақтандыру мен ақпараттандырудың техникалық құралдарын орналастыруды ұйымдастыру;

      46) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі ұйымдастыру және бақылау;

      47) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу және азаматтарды әскери қызметке шақыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шақыру жүргізу кезеңінде тіркеу және шақыру комиссияларын қалыптастыру;

      48) қаланың әскери басқару органын шақыру (жиын) пунктімен, дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ, байланыс және күзет құралдармен қамтамасыз ету;

      49) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.

      18. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады және жұмылдыру органдарына жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      19. Мемлекеттік органның немесе ұйымдардың басшылығына жұмылдыру органдарының құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;

      оның орынбасыры (орынбасарлар) болады.

      20. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      жұмылдыру органдарының құзретіне кіретін мәселелер бойынша жұмылдыру органының атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға жұмылдыру органының басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

      21. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

      1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде қала әкімі мен жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына есеп береді;

      2) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Басқарма қызметшілерін, сондай-ақ, қарамағындағы ұйымдардың басшылардын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      3) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманы білдіреді;

      4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;

      5) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;

      6) бұйрықтарға қол қояды;

      7) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      8) шарттар жасайды;

      9) сенімхаттар береді;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;

      11) қала әкімдігі мен әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындайды;

      12) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      13) құзреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;

      14) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      15) гендерлік тендік саясатын жүзеге асырады;

      16) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

      17) Мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңінде шақыру комиссиясының отырыстарына қатысады;

      18) Басқарманың басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Басқарманың бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделген, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары боцынша өзіне берілген қаражат есебінен алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Басқарманың қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      Шымкент қаласының "Мамандандырылған базасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады