Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 23.11.2022 № 287 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31- бабы 1 - тармағының 14-1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 1 және 2- қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауын;
2) оның ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж.Селихановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | К. Бичуинов |
| Бородулиха ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 442 қаулысына 1 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаның мөлшері
Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы | Жылдың басына тізім бойынша жұмысшылардың саны (адам) | Жұмысшылардың тізімдік санынан бекітілген квота мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
"Шығыстүстімет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Орлов өндірістік кешені | 1793 | 0.2 | 4 |
Бородулиха ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Коммуналдық шаруашылық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 35 | 3 | 1 |
"Красный Партизан" шаруа қожалығы | 56 | 2 | 1 |
"Семейгидрогеология" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 104 | 2 | 2 |
| Бородулиха ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 442 қаулысына 2 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаның мөлшері
Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы | Жылдың басына тізім бойынша жұмысшылардың саны (адам) | Жұмысшылардың тізімдік санынан бекітілген квота мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" республикалық мемелекеттік мекемесінің Бородулиха филиалы | 114 | 3 | 3 |
"Новая Заря" шаруа қожалығы | 140 | 0,5 | 1 |
"Семейгидрогеология" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 104 | 1 | 1 |
"Красный Партизан" шаруа қожалығы | 56 | 2 | 1 |
