1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының білім мекемелерінде 2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 200 (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 24 шілдегі № 2873 тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдегі № 34 "Колос" газетінде, 2014 жылғы 31 шілдегі № 34 "Аққайың" газетінде жарияланған);
2) "2014 жылы Аққайың ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 290 (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 14 қаңтардағы № 2485 тіркелген, 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 3 "Колос" газетінде, 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 3 "Аққайың" газетінде жарияланған);
3) "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесі есептемесінің тәртібін анықтау туралы" 2014 жылғы 23 маусымдағы № 196 (нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк Тiзiлiмiнде 2014 жылғы 25 шілдедегі № 2876 тiркелдi, 2014 жылғы 31 шілдегі № 34 "Колос", 2014 жылғы 31 шілдедегі № 34 "Аққайың" газеттерiнде жарияланды).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты басшысының міндетін атқарушы С.Қ. Сарсымбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аққайың ауданы әкімінің м.а. | Е.Жақыпов |
