"Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының 2025 жылғы 21 ақпандағы № 10-9/11 өкіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасының 2025 жылғы 30 мамырдағы № 10-9/33 өкімі.

      1. "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының 2025 жылғы 21 ақпандағы № 10-9/11 өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде бөлінген орындардың санын Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасымен келісім бойынша Академия ректоры магистратураның ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыттарына бөледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Магистратураға "7М042 – Құқық" кадрларды даярлау бағыты бойынша қабылдау:

      1) оқу мерзімі екі жылдық ғылыми-педагогикалық бағытта;

      2) оқу мерзімі бір жылдық бейінді бағытта жүзеге асырылады.";

      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құжаттарды қабылдау аяқталған сәтте ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша – жиырма сегіз жасқа толуы, бейінді бағыт бойынша – жиырма тоғыз жасқа толуы;";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қолма-қол жүгінген кезде көрсетілетін қызмет алушы көрсетілетін қызмет берушіге осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) және мына құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2)       жоғары білім туралы құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (құжаттың қосымшасымен бірге);

      3) мемлекеттік қызметшілер болып табылатын тұлғаларға – осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша басшының қолы қойылған жұмыс орнынан жолдама (бұдан әрі – Жолдама);

      4) мемлекеттік қызметші болып табылатын адамдар үшін – заң кәсібі бойынша жұмыс өтілі көрсетілген жұмыс орнынан анықтама; өңірлік квота бойынша түсетін адамдар және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын адамдар үшін – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес заң кәсібі бойынша еңбек қызметін растайтын құжат;

      5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ- 175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 175/2020 Бұйрық) 075/У нысанындағы медициналық анықтама;

      6) шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат (бар болған жағдайда) – ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсуші тұлғалар үшін.

      Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылуы тиіс. Шет тілінде ұсынылған құжаттардың нотариалдық куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы болуы қажет.

      Портал арқылы "жеке кабинетте" жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы ұсынады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық Өтініш;

      2) жоғары білім туралы құжаттың (құжаттың қосымшасымен бірге) электрондық көшірмесі;

      3) мемлекеттік қызметшілер болып табылатын тұлғаларға – жолдаманың электрондық көшірмесі;

      4) мемлекеттік қызметшілер болып табылатын тұлғаларға – жұмыс орнынан заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген анықтаманың электрондық көшірмесі; мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын түсуші тұлғаларға – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес заң мамандығы бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      5) № 175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/У нысандағы медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

      6) шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың (бар болған жағдайда) электрондық көшірмесі – ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсуші тұлғалар үшін.

      Электронды түрде берілетін құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, көрсету нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидалардың 3-қосымшасында белгіленген.";

      17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық акт күшіне енгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жібереді.";

      22-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) магистратураның ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыттарының ерекшеліктерін ескере отырып Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі – ҚР ҒЖБМ ҰТО) технологиясы бойынша жүргізілетін кешенді тестілеу.

      Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі бойынша (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) тестілеуді, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуді, оқуға дайындығын анықтауға арналған тестілеуді қамтитын кешенді тестілеу тапсырады.

      Бейінді магистратураға түсетін тұлғалар білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестті қамтитын кешенді тестілеуді тапсырады.";

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуші тұлғалар шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болған кезде, шет тілі бөлімінен өз қалауымен босатылады:

      ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic), шекті балл – кемінде 6;

      TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті балл – кемінде 60;

      неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau B2/ деңгейі B2), TestDaF-Prufung (Niveau B2/ деңгейі B2);

      француз тілі: TFI (Test de Franзais International™), DELF (Diplome d’Etudes en Langue franзaise), DALF (Diplome Approfondi de Langue franзaise), TCF (Test de connaissance du franзais) – кемінде деңгейі B2.

      Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы мен қолданылу мерзімін қабылдау комиссиясы тексереді.";

      29-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыттар бойынша магистратураға түсетін тұлғалар үшін магистранттар қатарына қабылдау мамандық бойынша түсу емтиханының үш кезеңі балдарының қосындысы бойынша конкурстық негізде бөлек: өңірлік квота бойынша және жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

      Өңірлік квота бойынша конкурс қорытындылары нәтижесінде бос орындар қалған жағдайда, бұл орындар магистратураның тиісті бағыты шеңберінде жалпы тәртіппен конкурстық негізде қайта бөлінеді.";

      1-қосымша осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымшада:

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар менмәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар менмәліметтердің тізбесі
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) Өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) жоғары білім туралы құжат (құжаттың қосымшасымен бірге), (сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көшірмесін алып, түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен құжат;
4) мемлекеттік қызметші болып табылатын тұлғаларға – Жолдама;
5) мемлекеттік қызметші болып табылатын тұлғаларға – жұмыс орнынан заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген анықтама;
мемлекеттік қызметші болып табылмайтын тұлғаларға – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес заң мамандығы бойынша еңбек қызметін растайтын құжат;
6) № 175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/У нысандағы медициналық анықтама;
7)      шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат (бар болған жағдайда) – ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсуші тұлғалар үшін (сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көшірмесін алып, түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады).
Портал арқылы жүгінген кезде:
1) қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық Өтініш;
2) жоғары білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (құжаттың қосымшасымен бірге);
3) мемлекеттік қызметші болып табылатын тұлғаларға – Жолдаманың электрондық көшірмесі;
4) мемлекеттік қызметші болып табылатын тұлғаларға – жұмыс орнынан заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген анықтаманың электрондық көшірмесі;
мемлекеттік қызметші болып табылмайтын тұлғаларға – еңбек заңнамасына сәйкес заң мамандығы бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) № 175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/У нысандағы медициналық анықтаманың электронды көшірмесі;
6)      шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың (бар болған жағдайда) электрондық көшірмесі – ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсуші тұлғалар үшін.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

      ";

      5-қосымша осы өкімге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      6-қосымшада:

      1.1.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.1. Осы Шарттың мәні "7М042 – Құқық" кадрларды даярлау бағытының: "7М04201 – Сот және сот төрелігі" (ғылыми-педагогикалық магистратура) / "7М04202 – Сот және сот төрелігі" (бейінді магистратура) білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – білім беру бағдарламасы) күндізгі оқу нысаны бойынша Академияда магистрантты оқыту процесіне байланысты құқықтық қатынастар болып табылады.";

      1.3.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.3. Оқу мерзімі – 2 (екі) жыл / (1 (бір) жыл.";

      2.3.-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік органның жолдамасы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде магистратурада оқуды аяқтау, оның ішінде жеке жұмыс жоспарын орындай отырып магистр дәрежесін алу, оған мыналар кіреді:

      жеке оқу жоспары;

      ғылыми-зерттеу жұмысы (магистрлік диссертация / магистрлік жоба);

      серіктес ЖОО-ларда педагогикалық практика / Астана қаласындағы соттарда практика;

      ғылыми жарияланымдар жоспары;

      Академия белгілеген мерзімде жеке жоспардың орындалуы туралы есеп.

      қорытынды аттестациядан өту: кешендік емтиханды тапсыру, магистрлік жобаны қорғау;";

      2.3.-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) магистратураны бітіргеннен кейін төрт жыл ішінде аудандық және оған теңестірілген соттарда судья бос лауазымына орналасу бойынша барлық конкурстарға қатысуға және судья лауазымына тағайындау туралы Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымын орындауға, оның ішінде шалғай жерде орналасқан соттың судьясы лауазымына конкурс өтпеді деп танылған жағдайда Жоғарғы Сотпен келісу бойынша Жоғары Сот Кеңесі бекіткен сыныптау шәкілін негізге ала отырып;";

      2.3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      2.3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы шарттың 2.3-тармағының 4), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген міндеттемелер магистратурада оқуын аяқтаған судьяларға қолданылмайды.";

      2.4.-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1)      "7М04201 – Сот және сот төрелігі" / "7М04202 – Сот және сот төрелігі" білім беру бағдарламасы бойынша білім алуға;";

      7-қосымшада:

      1.1.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.1. Осы Шарттың мәні "7М042 – Құқық" кадрларды даярлау бағытының: "7М04201 – Сот және сот төрелігі" (ғылыми-педагогикалық магистратура) / "7М04202 – Сот және сот төрелігі" (бейінді магистратура) білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – білім беру бағдарламасы) күндізгі оқу нысаны бойынша Академияда магистрантты оқыту процесіне байланысты құқықтық қатынастар болып табылады.";

      1.3.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.3. Оқу мерзімі – 2 (екі) жыл / (1 (бір) жыл.";

      2.3.-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3)      жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде магистратурада оқуды аяқтау, оның ішінде жеке жұмыс жоспарын орындай отырып магистр дәрежесін алу, оған мыналар кіреді:

      жеке оқу жоспары;

      ғылыми-зерттеу жұмысы (магистрлік диссертация / магистрлік жоба);

      серіктес ЖОО-ларда педагогикалық практика / Астана қаласындағы соттарда практика;

      ғылыми жарияланымдар жоспары;

      Академия белгілеген мерзімде жеке жоспарды орындау туралы есеп;

      қорытынды аттестациядан өту: кешендік емтиханды тапсыру, магистрлік жобаны қорғау;";

      2.3.-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) магистратураны бітіргеннен кейін төрт жыл ішінде аудандық және оған теңестірілген соттарда судья бос лауазымына орналасу бойынша барлық конкурстарға қатысуға және судья лауазымына тағайындау туралы Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымын орындауға, оның ішінде шалғай жерде орналасқан соттың судьясы лауазымына конкурс өтпеді деп танылған жағдайда Жоғарғы Сотпен келісу бойынша Жоғары Сот Кеңесі бекіткен сыныптау шәкілін негізге ала отырып;";

      2.4.-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "7М04201 – Сот және сот төрелігі" / "7М04202 – Сот және сот төрелігі" білім беру бағдарламасы бойынша білім алуға;";

      8-қосымшада:

      1.1.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.1. Осы Шарттың мәні "7М042 – Құқық" кадрларды даярлау бағытының "7М04201 – Сот және сот төрелігі" (ғылыми-педагогикалық магистратура) / "7М04202 – Сот және сот төрелігі" (бейінді магистратура) білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – білім беру бағдарламасы) күндізгі оқу нысаны бойынша Академияда магистрантты ақылы негізде оқыту процесіне байланысты құқықтық қатынастар болып табылады.";

      1.3.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.3. Оқу мерзімі – 2 (екі) жыл / (1 (бір) жыл.".

      2.4.-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "7М04201 – Сот және сот төрелігі" / "7М04202 – Сот және сот төрелігі" білім беру бағдарламасы бойынша білім алуға;".

      2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының Сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөлімі осы өкімнің Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға Д. Малахов

  Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің
төрағасының
2025 жылғы 21 ақпандағы
№ 10-9/11 өкімге
1-қосымша
  "Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің
жанындағы Сот төрелігі
академиясына оқуға қабылдау
Қағидаларына
1-қосымша

      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының ректорына

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      ________________________________________________________________тұратын

      (тұрақты тұратын мекенжайды көрсету)

      Төлқұжат деректері немесе жеке куәліктің мәліметтері_________________________

Өтініш

      "7М042 – Құқық" кадрларды даярлау бағыты бойынша ғылыми-педагогикалық / бейінді (қажеттісінің астын сызу) 2 (екі) жыл / 1 (бір) жыл (қажеттісінің астын сызу) оқу мерзіміндегі күндізгі оқу нысаны бойынша магистратураға оқуға түсу үшін түсу емтихандарына жіберуіңізді сұраймын.

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

      1. Жұмыс орны ____________________________________________________________

      2. Лауазымы _____________________________________________________________

      3. Жалпы жұмыс өтілі ____, оның ішінде заң мамандығы бойынша өтілі _____

      4. Телефон нөмірлері: қызметтік :_______________үй_________________;

      ұялы _________________байланыс _____________

      5. Электрондық мекен-жайы: жеке _______ұжымдық _________

      6. Мамандық бойынша түсу емтиханын тапсыру тілі: қазақ / орыс тілі (қажеттісінің астын сызу керек)

      7. Оқу:

      мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жалпы тәртіппен;

      өңірді көрсете отырып _______________, өңірлік квота бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде;

      өз қаражаты және (немесе) өзге де көздер есебінен (керегінің астын сызу керек).

      Кез келген мен ұсынған мәліметтер, бұрмалаушылықтар мен дәлсіздіктер түсу емтихандарына жіберуден бас тартуға немесе Академияның оқыту процесінен шығарып тастауға негіз болуы мүмкін екендігі жөнінде хабардармын.

      Академияға қабылдау Қағидаларының талаптарымен таныстым және оларды сақтауға міндеттенемін.

      Осымен "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      "__" _____________20______ж.      ___________________________

      қолы"

  Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің
төрағасының
2025 жылғы 21 ақпанлағы
№ 10-9/11өкімге
2-қосымша
  "Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің
жанындағы Сот төрелігі
академиясына оқуға қабылдау
Қағидаларына
2-қосымша
Нысан
  (фирмалық бланкте толтырылады)

Жолдама

      ___________________________________________________________________

      (жұмыскерді оқуға жіберген мемлекеттік органның атауы көрсетіледі)

      оқуға түсушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы 2 (екі) жылдық / 1 (бір) жылдық (қажеттісінің астыр сызу) оқу мерзіміне "7M042 – Құқық" кадрларды даярлау бағыты бойынша ғылыми-педагогикалық / бейінді (қажеттісінң астын сызу) магистратурада оқуға жіберіледі.

____________

______________

________________________

лауазымы

қолы

(ҚР заңнамасына сәйкес
тағайындау құқығына ие тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)"
 

  Жоғары Сот Кеңесінің
төрағасының
2025 жылғы 21 ақпандағы
№ 10-9/11 өкімге
3-қосымша
  "Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің
жанындағы Сот төрелігі
академиясына оқуға қабылдау
Қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

___________________________________________

(үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Құжаттарды қабылдау жөніндегі қолхат

      1. Өтініш;

      2. Жоғары білім туралы құжаттың (құжаттың қосымшасымен бірге) көшірмесі;

      3. Басшы қол қойған жұмыс орнынан жолдама (мемлекеттік қызметші болып табылатын тұлғаларға);

      4. Жұмыс орнынан заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген анықтама (мемлекеттік қызметші болып табылатын тұлғаларға) / Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес заң мамандығы бойынша еңбек қызметін растайтын құжат (мемлекеттік қызметші болып табылмайтын тұлғаларға);

      5. 075/У нысандағы медициналық анықтама.

      6. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың көшірмесі (ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуші тұлғалар үшін).

      Құжаттарды тапсырдым________________      Құжаттарды қабылдадым_____________

      20___жылғы "____"_______________      20___жылғы "____"_________".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады