Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 342-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығаруға бастама жасау тәртібімен әзірленетін заң жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады.";

      2) 9-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Ауыл шаруашылығы алқаптары ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарға берілген кезде ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасы осы Кодекстің 105 және 106-баптарына сәйкес өтеледі.";

      3) 11-баптың 3-тармағының бірінші абзацындағы "топырақ, геоботаникалық, топырақ-мелиорация" деген сөздер "топырақты зерттеп қарау, мелиорациялық, агрохимиялық, геоботаникалық зерттеп қарау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 12-бапта:

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) жердің шөлейттенуі – климаттық жағдайлар бойынша қуаңшылық, жартылай қуаңшылық және құрғақ аймақтардағы жердің табиғи және (немесе) антропогендік сипаттағы әсерден тозуы;";

      12-1) тармақшадағы "(шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы)" деген сөздер алып тасталсын;

      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) топырақ – биотикалық, абиотикалық және антропогендік факторлардың ұзақ уақыт әсер етуі нәтижесінде жер бетінде пайда болған, минералдық қатты бөлшектер мен органикалық заттардан, су мен ауадан тұратын және өзіндік ерекше генетикалық-морфологиялық белгілері, өсімдіктердің өсуі мен дамуы үшін тиісті жағдай жасайтын қасиеттері бар өздігінен табиғи түрде жылдар бойы қалыптасқан дербес органикалық-минералды табиғи дене;";

      5) 14-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы "нысанын" деген сөзден кейін "және оны жасау (жаңарту) тәртібін" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 37-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі "5)" деген цифрдан кейін ", 7-1)" деген цифрлармен толықтырылсын;

      5-тармақтың 1) тармақшасындағы "1-2-тармағында" деген сөздер "3-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 42-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "топырақтың үстіңгі қабатына" деген сөздер "топыраққа" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 43-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспортын жасау (жаңарту) және беру;";

      2-тармақта:

      сегізінші бөлік алып тасталсын;

      он екінші бөліктегі "сегізінші бөлігінің 1) тармақшасында және" деген сөздер алып тасталсын;

      жиырма алтыншы бөліктегі "Осы Кодекстің 43-1-бабына сәйкес берілетін жер учаскелерін қоспағанда, жер" деген сөздер "Жер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7-1-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жер комиссиясы хаттамалық шешімінің, ал жер учаскесі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілетін жағдайларда – шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысы туралы хаттаманың нөмірі мен күні;";

      9) 43-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "43-1-бап. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру ерекшеліктері

      1. Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен беру осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы бапта белгіленген тәртіппен және шарттарда шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс (бұдан әрі – конкурс) негізінде жүзеге асырылады.

      2. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесіне құқық беру конкурстарда жүзеге асырылу қажеттігіне байланысты оны беруден бас тартылған жағдайда, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары сұралып отырған жер учаскесі бойынша конкурстарды жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс.

      3. Қоныс аударушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері иеліктен шығару, шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғам акцияларының төлеміне немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беру құқығынсыз, осы Кодекстің 50-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген ең аз мөлшерден аспайтын мөлшерде бес жылға дейінгі мерзімге уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен конкурстан тыс беріледі.

      Жер учаскелерін аталған мақсаттар үшін қайта беруге жол берілмейді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыру осы Кодекстің 81-бабына сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігі негізінде берілген жер пайдалану құқығын тоқтатуға алып келеді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде бес жылдан астам тұратын қоныс аударушыларға осы Кодекстің 37-бабында көзделген тәртіппен ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығындағы шартты жаңа мерзімге жасасу құқығы беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ережелер жаңа мерзімге жасалған шартқа қолданылмайды.

      4. Конкурс мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып, орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен электрондық нысанда өткізіледі.

      Конкурсты ұйымдастыру мен өткізуді аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

      5. Жер учаскесі:

      конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін;

      жерге орналастыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін конкурсқа шығарылады.

      6. Жайылымдарды конкурста беру Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      7. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімімен айқындалады.

      Бұл ретте көрсетілген мөлшерлер осы Кодекстің 50-бабының 4-тармағына сәйкес белгіленген жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерінен аспауға тиіс.

      8. Өткізілетін конкурстарға:

      жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалардың;

      осындай конкурстар өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартына қол қоюдан бас тартқан, бұған дейін өткізілген конкурстар жеңімпаздарының қатысуға құқығы жоқ.

      9. Конкурс қорытындысы хаттамамен ресімделеді. Конкурс қорытындысы туралы хаттама бойынша сотқа шағым жасалуы мүмкін.

      Конкурс қорытындысы туралы хаттама аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешім қабылдауына негіз болады.

      10. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспортын жасау үшін бір жұмыс күні ішінде жібереді.

      11. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімі негізінде конкурс жеңімпазымен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасады.

      12. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) жөнінде жасалған шарттың нәтижесі бойынша оның пайдаланылуына, оның ішінде конкурс жеңімпазының конкурс қорытындысы бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауына:

      1) жалдаудың алғашқы бес жылында жыл сайын;

      2) келесі кезеңдерде: суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарында – әр үш жыл сайын, суарылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарында әр бес жыл сайын мониторинг жүргізіледі.

      13. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдалануды мониторингтеу орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізіледі.

      Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің пайдаланылуын мониторингтеудің оң нәтижелері осындай шартты орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жаңа мерзімге жасасуға негіз болады.";

      10) 65-бапта:

      1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) топырақтың ылғалдылығын сақтап тұруға, топырақтың құнарлылығын сақтауға және оның тозуын болғызбауға бағытталған топырақты қорғау технологияларын қолдану арқылы жерлердің шөлейттеуін болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) топырақты зерттеп қарауды, мелиорациялық, агрохимиялық және геоботаникалық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге;";

      14) тармақшадағы "және (немесе) құнарлылығын жоюға" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді атқарады.";

      11) 71-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі "топырақты зерттеу," деген сөздерден кейін "мелиорациялық, агрохимиялық," деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 93-баптың 5-тармағындағы "жері" деген сөз "жерлерінің топырағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 97-бапта:

      6-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігіндегі "1-2-тармағында" деген сөздер "3-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "алқаптарының сапасын мемлекеттік бақылау" деген сөздер "мақсатындағы жерлердің топырағын қорғау және оларды ұтымды пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "зерттеу, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер" деген сөздер "зерттеп қарау, мелиорациялық, агрохимиялық, геоботаникалық зерттеп қарау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартымен бір мезгілде беріледі.";

      14) 98-бапта:

      4-тармақтың екінші бөлігінде:

      "Топырақ-мелиорациялық жай-күйi" деген сөздер "Топырақ жай-күйі мен мелиорациялық жай-күйi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "зерттеу, топырақ-мелиорациялық," деген сөздер "зерттеп қарау, мелиорациялық, агрохимиялық зерттеп қарау және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың бірінші бөлігінде:

      екінші абзацтағы "жердің агроөндірістік топырақ сипаттамасының олардың" деген сөздер "топырақ жай-күйінің оның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "қолайсыз топырақ-мелиорациялық сипаттамасы" деген сөздер "топырағының және мелиорациялық қолайсыз жай-күйі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 122-баптың 2-тармағы жетінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "учаскесінің құнарлы қабатын" деген сөздер "учаскесі топырағының құнарлылығын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 147-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) жерді жақсарту жөніндегі, топырақтың эрозиясын, қайта сортандануын, батпақтануын, су басуын, құрғап кетуін, ластануын, тығыздалуын, қоқыстануын, қатты тығыздалуын, шөлейттенуін және жердің тозуына алып келетін басқа да процестерді болғызбау мен олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;";

      17) 148-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса" деген сөздер "топырақ құнарлылығының жойылуына, ластануына, эрозиясының күшеюiне, қайта сортандануына, батпақтануына және шектес аумақты қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге, топырақтың құнарлы қабатын жоғалтуға алып келуі мүмкiн болса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізілсе" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 149-баптың 3-тармағының 7) тармақшасындағы "зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеу" деген сөздер "зерттеп қарау, мелиорациялық, агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да зерттеп қарау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 150-баптың 4-тармағында:

      2) тармақшадағы "жерді ұтымды пайдалануға, топырақтың құнарлылығын сақтау мен арттыруға" деген сөздер "жер мен топырақты ұтымды пайдаланумен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "зерттеу, агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да зерттеу" деген сөздер "зерттеп қарау, мелиорациялық, агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да зерттеп қарау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 151-баптың 4-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацындағы "зерттеу", "топырақтың құнарлы қабатын" деген сөздер тиісінше "зерттеп қарау", "топырақты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 152-баптың 5-тармағындағы "топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер" деген сөздер "топырақты зерттеп қарау, мелиорациялық, агрохимиялық, геоботаникалық зерттеп қарау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 153-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында:

      "зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді" деген сөздер "зерттеп қарауды, мелиорациялық, агрохимиялық және геоботаникалық зерттеп қарауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "дайындауды" деген сөз "жасауды (жаңартуды)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 165-баптың 4) тармақшасындағы "топырақ құнарлылығының" деген сөздер "топырақтың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      24) 166-баптың 6-тармағындағы "зерттеу, агрохимиялық және басқа арнайы тексерулер мен зерттеулердi" деген сөздер "зерттеп қарау, мелиорациялық, агрохимиялық және басқа да арнайы зерттеп қараулар мен іздестірулерді" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:

      49-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "топырақ зерттеу" деген сөздер "топырақты зерттеп қарау мен мелиорациялық зерттеп қарау" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:

      1) 6-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "топырақ қабаты" деген сөздер "топырақ" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 66-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "және топырақ жамылғысына" деген сөздер "мен топыраққа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 112-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының оныншы абзацындағы "сулары жай-күйінің" деген сөздер "суларының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 121-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының бесінші абзацындағы "сулары жай-күйінің" деген сөздер "суларының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 135-баптың 2-тармағында:

      "жою" деген сөз "бүлдіру" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "заңнамасының" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасының топырақты қорғау саласындағы заңнамасының" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 228-бапта:

      1-тармақтағы "топырақ қабатын" деген сөздер "топырақты" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      "Топырақ қабаты (топырақ)" деген сөздер "Топырақ" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "минералдық және органикалық қатты бөлшектерден" деген сөздер "минералдық қатты бөлшектер мен органикалық заттардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Топырақ сапасының нашарлауымен, құнарлылығының төмендеуімен, биоәртүрлілігінің азаюымен, топырақ құрылымының табиғи, антропогендік және техногендік сипаттағы әсерден бұзылуымен сипатталатын процесс топырақтың тозуы деп түсініледі.

      Топырақ құнарлылығының төмендеу, биоәртүрліліктің азаю және органикалық әрі қоректік заттар мөлшерінің кему процесі топырақтың құнарсыздануы деп түсініледі.";

      7) 238-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жерді бүлдірумен байланысты жұмыстарды бастағанға дейін топырақтың құнарлы қабатын уақтылы сыдырып алуды және оның сапасының нашарлауын болғызбайтын жағдайларда сақталуын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес пайдалануға;";

      3-тармақтың 1) тармақшасындағы "топырақ қабатын" деген сөздер "топырақты" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жерді қорғау мақсатында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар:

      1) жерді құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайта сортаңданудан, құрғап кетуден, тығыздалудан, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бұзылу процестерінен қорғауға;

      2) жерді карантиндік объектілерден, бөтен текті түрлерден және аса қауіпті зиянды организмдерден зақымданудан, олардың таралуынан, арамшөп, бұта мен шілік басып кетуден, сондай-ақ жердің жай-күйі нашарлауының өзге де түрлерінен қорғауға;

      3) ластану, оның ішінде биогендік ластану мен қоқыстану салдарын жоюға;

      4) қол жеткізілген мелиорациялау деңгейін сақтауға;

      5) бүлінген жерлерді рекультивациялауға, олардың құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен оны шаруашылық айналымға уақтылы тартуға;

      6) жерді бүлдірумен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған іс-шараларды жүргізуге міндетті.";

      8) 317-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) топырақтың сыдырып алынған құнарлы қабаты;";

      9) 359-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "топырақ қабатын" деген сөздер "бүлінген жерлерді" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 7-баптың 1-тармағының 13-1) тармақшасындағы "Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда" деген сөздер "Республикасының халықаралық шарттарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 12-1-баптың 1-тармағында:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қағаз жеткізгіштегі фитосанитариялық сертификатты Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және жеке қолын қойып, белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) куәландырады.";

      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Электрондық нысандағы фитосанитариялық сертификат Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес мемлекеттік цифрлық жүйе арқылы беріледі және ресімделеді.

      Қағаз жеткізгіштегі және электрондық нысандағы фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруға, онда жүргізілген залалсыздандыру, осы өнімді жеткізу жөніндегі басқа да қосымша карантиндік фитосанитариялық талаптардың орындалғаны туралы мәліметтер болуға тиіс.";

      3) 13-баптың 2-тармағында:

      сегізінші бөлік "мемлекетінің" деген сөзден кейін "қағаз жеткізгіште ресімделген" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімнің межелі орындарында жөнелту орны мемлекетінің электрондық нысанда ресімделген фитосанитариялық сертификатын карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік цифрлық жүйені пайдалану арқылы жауып тастауға тиіс.".

      5. "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша тек қана әкетуге (экспортқа) арналған, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) келісім беру қағидаларын әзірлеп, бекіту;";

      2) 14-6-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 2-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін (формуляцияланатын) және тек қана әкетуге (экспортқа) арналған пестицидтер үшін тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын өткізу талап етілмейді.

      Тек қана әкету (экспорт) үшін өндірілетін (формуляцияланатын) және сол үшін арналған пестицидтерді Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге және (немесе) қолдануға жол берілмейді.";

      "2-1. Тек қана әкетуге (экспортқа) арналған тіркелмеген пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) келісім беруден айыру (оны кері қайтарып алу) осы баптың 2-тармағының 1) және (немесе) 2) тармақшаларында көзделген немесе мемлекеттік фитосанитариялық бақылау негізінде оларды Қазақстан Республикасының аумағында өткізу және (немесе) қолдану фактісі расталған жағдайларда жүзеге асырылады.".

      6. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 12-1) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 6-баптың 1-тармағында:

      21), 22) және 25) тармақшалар алып тасталсын;

      41) тармақшаның алтыншы және оныншы абзацтары алып тасталсын;

      41-5) тармақша алып тасталсын;

      3) 7-баптың 2-тармағының 12-8) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 11-баптың 2-тармағының 8-3), 8-8) және 8-10) тармақшалары алып тасталсын;

      5) 13-1-бап алып тасталсын;

      6) 19-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін мониторингтеу нәтижесін өзінің интернет-ресурсында орналастырады.";

      7) 19-3-баптың 5-тармағындағы "физиологиялық тұтыну нормаларына" деген сөздер "агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін әдістемеге" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 23-баптың 2-тармағы төртінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "учаскесінің құнарлы қабатын" деген сөздер "учаскесі топырағының құнарлылығын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 40-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "топырақ қабатын" деген сөздер "топырақты" деген сөзбен ауыстырылсын.

      8. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      58-баптың бесінші бөлігіндегі "жерді рекультивациялау мен жердің табиғи құнарлылығын" деген сөздер "бүлінген жерді рекультивациялау мен топырақты" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      2-қосымша мынадай мазмұндағы 389-1-жолмен толықтырылсын:

      "

389-1.

Тек қана әкетуге (экспортқа) арналған, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) келісім беру

Тек қана әкетуге (экспортқа) арналған, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) келісім беру туралы хат


      ".

      10. "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы" 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 4) тармақшасындағы "1-2-тармағында" деген сөздер "3-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 13-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "цифрлық ауыл шаруашылығы карталарының деректері;";

      2) 16-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "мониторингілеу нәтижелері" деген сөздер "мониторингтеу нәтижелері, сондай-ақ цифрлық ауыл шаруашылығы карталарының деректері" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының төртінші абзацын, 5), 6), 8), 9) тармақшаларын, 13) тармақшасының екінші, жетінші және сегізінші абзацтарын, 22) тармақшасының үшінші абзацын және 10-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады