Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру және мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 27 қыркүйектегі № 220-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):

      93-баптың 2-тармағындағы "Инновациялық технологиялар паркі" деген сөздер "Астана Хаб" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      1) 98-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 100-1-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 103-баптың 3) тармақшасындағы "Технологиялық саясат жөніндегі кеңесте қарау үшін" деген сөздер алып тасталып, "тұғырнамаларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар" деген сөздер "платформаларды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға қарау үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 241-4-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясы жұмыс істейді.";

      екінші бөлікте:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік органдардың нысаналы технологиялық бағдарламаларды бекіту және салаларда технологиялық платформаларды ұйымдастыру бойынша бастамаларын қарау;";

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттер.";

      5) 241-6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Венчурлік қорларды қоса қаржыландыру жөніндегі инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну және іске асыру тиімділігін бағалау инновациялық қызметтің нарықтық перспективаларының беймәлімділігімен сипатталатын жоғары кәсіпкерлік тәуекел мен салынған қаржылық және өзге де ресурстардың ысырабы ескеріле отырып, ұзақ мерзімді перспективада осындай венчурлік қорлар активтерінің (бүкіл портфелінің) кірістілігі (шығындылығы) негізінде жүзеге асырылады.";

      6) 241-8-бапта:

      тақырып пен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "241-8-бап. Венчурлік қорларды қоса қаржыландыру

      1. Венчурлік қорларды қоса қаржыландыруды инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері венчурлік қорларды қоса қаржыландырудың нысаналы көрсеткіштерін қоса алғанда, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен конкурстық негізде жүзеге асырады.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      7) 23-1-тарау мынадай мазмұндағы 241-11-баппен толықтырылсын:

      "241-11-бап. Ұлттық инновациялық жүйенің "бірыңғай терезесі"

      1. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, көмірсутектер, уран өндіру, пайдалы қатты қазбалар, өнеркәсіп пен ғылымды мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органдар инновациялық даму саласындағы ақпаратты ұлттық инновациялық жүйенің даму мониторингін қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес Ұлттық инновациялық жүйенің "бірыңғай терезесіне" беруді қамтамасыз етеді.

      2. Ұлттық инновациялық жүйенің "бірыңғай терезесі" деп инновациялық қызметті қолдау туралы, оның ішінде бірыңғай портал арқылы мемлекеттік қолдау шаралары мен инновациялар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе түсініледі. "Астана Хаб" дербес кластерлік қоры Ұлттық инновациялық жүйенің "бірыңғай терезесін" құруды, дамытуды және сүйемелдеуді қамтамасыз етуге уәкілеттік берілген ұйым болып табылады.

      3. Инновациялық даму саласындағы ақпарат деп инновациялық қызметті қолдау туралы, оның ішінде инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, көмірсутектер, уран өндіру, пайдалы қатты қазбалар, өнеркәсіп пен ғылымды мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органдар жүзеге асыратын мемлекеттік қолдау шаралары мен инновациялар туралы мәліметтерді, жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) цифрландыру жобаларын қаржыландыру саласындағы міндеттемелерін орындау процестері мен нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат түсініледі.".

      3. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      14-2-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) экономикалық қызмет түрлері өзгерген және (немесе) толықтырылған;".

      4. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 16-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "Инновациялық технологиялар паркі" деген сөздер "Астана Хаб" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 19-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі "Инновациялық технологиялар паркі" деген сөздер "Астана Хаб" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      86-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "Инновациялық технологиялар паркі" деген сөздер "Астана Хаб" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      15-3-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары және (немесе) байланыс желілерін иеленушілер абоненттер туралы иесіздендірілген деректерді үшінші тұлғаларға бермей, статистикалық қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұсынады.".

      7. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 6-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еңбек қызметін жүзеге асыруды қоса алғанда, "Астана Хаб" дербес кластерлік қорында және "Астана Хаб" қатысушыларында қызметін жүзеге асыру үшін көшіп келушілердің келу, кету және болу ерекшеліктері "Астана Хаб" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.";

      2) 36-1-баптың 2-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) "Астана Хаб" дербес кластерлік қорында немесе "Астана Хаб" қатысушыларында басшылар және жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.".

      8. "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана Хаб" инновациялық кластері туралы";

      2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заң "Астана Хаб" инновациялық кластерінің құқықтық мәртебесін айқындайды.";

      3) 1-бапта:

      1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) акселерация – инновациялық қызмет субъектілерінің инновациялық жобаларын қарқынды дамыту мақсатында оларды даярлау мен оқыту процесі;

      2) "Астана Хаб" дербес кластерлік қоры (бұдан әрі – Қор) – Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларды орындайтын коммерциялық емес ұйым;

      3) "Астана Хаб" инновациялық кластері (бұдан әрі – инновациялық кластер) – өзара іс-қимыл жасау және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану, білім мен тәжірибе алмасу, зерттеулер жүргізу, технологияларды тиімді беру, орнықты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы инновациялық қызметті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялық қызметті ынталандыруға арналған инновациялық кластер қатысушыларының бірлестігі;";

      4) тармақшада:

      "Инновациялық технологиялар паркі" деген сөздер "Астана Хаб" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қатысушының жобасы" деген сөздер "инновациялық кластер қатысушысының жобасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жасауға" деген сөздер "өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жасауға немесе жетілдіруге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) "Астана Хаб" қатысушылары – ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен "Астана Хаб" қатысушылары ретінде тіркелген заңды тұлғалар;

      4-2) "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы – Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес құрылған, ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақ;";

      5) тармақша "инновациялық технологияларды" деген сөздерден кейін ", оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) тармақшадағы "өнеркәсіптік-инновациялық" деген сөздер "инновациялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 3-бап "жәрдем көрсету" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ инновациялық қызметті іске асыру үшін жағдайлар жасау" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 4-баптың 2) және 5) тармақшаларындағы "қатысушылардың" деген сөз ", инновациялық кластер қатысушыларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 7-баптың 2-тармағында:

      2) тармақшада:

      "Қамқоршылық кеңес" деген сөздер "Қор" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "заңды тұлғалар инновациялық кластердің қатысушылары болып табылады." деген сөздер "заңды тұлғалар, сондай-ақ инновациялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) "Астана Хаб" қатысушылары инновациялық кластердің қатысушылары болып табылады;";

      7) 2-тарау мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      "7-1-бап. Қордың және "Астана Хаб" қатысушыларының шетелдік жұмыс күшін тарту ерекшеліктері

      1. Қорда қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде не Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларына келгеннен кейін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кіру визасын алады.

      2. "Астана Хаб" қатысушыларының жұмыскерлері немесе Қордың жұмыскерлері болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, олардың отбасы мүшелері (жұбайы (зайыбы), олардың балалары мен асырауындағы адамдар (растайтын құжаттар болған кезде) қолданылу мерзімі бес жылға дейінгі кіру визасын алады.

      3. Қор өзі және "Астана Хаб" қатысушылары тартқан шетелдік жұмыс күшін есепке алуды жүргізеді. Қор тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылады. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын мәліметтердің құрамын, оларды ұсыну мерзімділігі мен тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      4. Қорда және "Астана Хаб" қатысушыларында әрбір тартылған шетелдік пен азаматтығы жоқ адам бойынша олардың біліктілігін растайтын құжаттардың болуы және сақталуы міндетті.

      5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген адамдардың визаларының қолданылу мерзімін ұзарту Қордың өтінішхаты бойынша олар Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шықпастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін.";

      8) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қорды басқару ерекшеліктері";

      9) 8-бап алып тасталсын;

      10) 8-1-бапта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) инвестициялық қорлар құру және оларға үлестік қатысу, оның ішінде шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу;";

      мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3), 5-4), 5-5), 5-6), 5-7), 5-8), 5-9), 5-10) және 5-11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) инновациялық қызмет субъектілеріне акселерациялау, технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету;

      5-2) инновациялық қызмет субъектілеріне маркетингтік іс-шараларды өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну;

      5-3) инновациялық қызмет субъектілеріне консультациялық, ақпараттық, талдамалық, білім берушілік және өзге де іс-шараларды өткізу бойынша қызметтер көрсету;

      5-4) инновациялық кластер қатысушыларының жобаларын дамытуды ынталандыру, халықаралық тәжірибені зерделеу мен білім алмасу үшін ақпараттық, білім берушілік және қаржылық ресурстарды тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен, шетелдік әріптестермен ынтымақтастық жасау;

      5-5) Қордың бағдарламалары бойынша оқытудан өту үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың визалар алуына шақыртулар, өтінішхаттар жіберу;

      5-6) Қорға қатысу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мен резиденттерін Қор қызметінің қағидаларына сәйкес тарту;

      5-7) Қор қызметінің қағидаларына сәйкес, "Астана Хаб" қатысушыларын тіркеу және тиісті растаушы құжаттар беру;

      5-8) Қор қызметінің қағидаларына сәйкес, Қорда акселерациядан өтетін адамдарға тұрғынжай беру және оларға жағдай жасау;

      5-9) инновациялық кластер қатысушылары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында корпоративтік секторда инновацияларды дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізуге және ұйымдастыруға жәрдем көрсету;

      5-10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білікті кадрлар даярлауды ұйымдастыру;

      5-11) инновациялық кластер қатысушыларының тізбесін бекіту;";

      11) 9-баптың 4-тармағының төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3), 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3) Қордың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      4) Қор қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      5) ғылыми ұйымдар, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорлар, білім беру ұйымдары, технологиялық парктер, салалық конструкторлық бюролар, технологияларды коммерцияландыру орталықтары, ұлттық даму институттары, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мәртебесі бар заңды тұлғаларды, сондай-ақ инновациялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне енгізу қағидаларын бекітеді;

      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      12) 10-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-2) "Астана Хаб" қатысушылары Қор қызметінің қағидаларына сәйкес Қорға енгізетін мүшелік жарналар;";

      2-1-тармақтағы "қатысушылардың" деген сөз "инновациялық кластер қатысушыларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қор осы баптың 1-тармағына сәйкес қалыптастырылған мүлікті инновациялық кластердің қызметін қамтамасыз ету, жұмыс істеуі және оны дамыту, сондай-ақ инновациялық кластер қатысушыларының жобаларын қаржыландыру үшін пайдаланады.".

      9. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      33-1) және 33-2) тармақшалар алып тасталсын;

      55-2) тармақша алып тасталсын;

      2) 7-баптың 24-1) және 59-1) тармақшалары алып тасталсын;

      3) 13-1-бап алып тасталсын.

      10. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін осы Заңға сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;".

      11. "Өнеркәсіптік саясат туралы" 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Инновациялық қызмет субъектілеріне жұмыс істеудің бастапқы кезеңінде оларға үй-жайлар, жабдық беру, бухгалтерлік есепке алуды жүргізу, заңдық, ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу, инвестициялар тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтердің, сондай-ақ инновациялық жобаларды іске асыру үшін қажетті өзге де қызметтердің көрсетілуін білдіретін бизнес-инкубациялау технопарктер қызметінің негізгі түрі болып табылады.";

      2) 24-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тиісті саланы технологиялық дамыту мақсаттары үшін мемлекеттік органдар айқындайтын, салалық және салааралық сипаттағы тиісті құзыреттерге ие сарапшылары бар заңды тұлғалар технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары болып табылады.";

      3) 56-баптың 4-тармағы алып тасталсын.

      12. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 18-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 20-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттер.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 7) тармақшасын, 3 және 6-тармақтарын, 9-тармағының 1) тармақшасының үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады